Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудағы инновациялық технологиялар

Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудағы инновациялық технологиялар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жылы 24 қараша күні «Қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудағы инновациялық технологиялар: оқу үдерісін оңтайландыру» атты халықаралық ғылыми - әдістемелік семинар Zoom платформасында онлайн өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Семинар бағыты – қазақ, орыс тілдерін шет тіл (екінші тіл ретінде ) ретінде оқыту. Семинарды модератор филология ғылымдарының докторы, доцент Ұ. Е. Мұсабекова жүргізді.

 

 

Онлайн семинарға ҚазҰУ мен Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Иран, Түркия, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан университеттерінің басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар, тіл мамандары қатысты.
Бұл семинар қазақ, орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас алаңына айналды, негізгі мақсаты: қазақ, орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру, халықаралық деңгейдегі тілді үйретудің жаңа әдістемесімен танысу, өзара озық тәжірибелермен алмасу, тілді оқыту оқулықтарын, заманауи тәсілдерді талқылау болды.
Аталған мазмұнды шарада қонақтар онлайн байланысқа шығып, жүрекжарды тілектерін жолдады.

 

Семинарда қазақстандық және шетелдік жетекші ғалым-әдіскерлер мен білікті оқытушылардың қазақ, орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі екшелді. Халықаралық тәжірибедегі қазақ, орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетілді.

 

 

Халықаралық семинар жұмысына Алматы қаласындағы Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы Қалымбет Бақыт Әбиірұлы, бауырлас қырғыз елінен Қырғыз Республикасының ұлттық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінен профессоры, филология ғылымдарының докторы Маразыков Т. С, Жапонияның Цукуба университетінің профессоры, PhD доктор Такеши Ниномия, Ресейдің Г. Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің профессоры, ф. ғ. д. А. С. Щербак, Шымкент қаласындағы Орталық - Азиалық инновациялық университетінің доценті, ф. ғ. к. Р. Д. Елибаева, Иранның Гонбад-Кавус  университетінің профессоры, ф. ғ. д. Маджид Эстири, Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры, ф.ғ.к. Б.А. Абилова, Қытайдың Ланджоу қаласындағы Солтүстік-Батыс Ұлттар университетінің PhD докторы Се Тянь, Өзбекстаннан Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік  университетінің профессоры Кадымова Д.Р, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақ, орыс тілдерін екінші тіл ретінде оқыту бағытында бірнеше оқу құралы жарық көрген авторлар, ф. ғ. д., доцент Ұ.Е. Мұсабекова, ф. ғ. к., доцент Б.М. Айтбаева, аға оқытушылар А. К. Ахмедова, А.С. Айтпаева, Т.В. Курмановалар өз баяндамаларымен қатысып, ж. т. б. әдіскер-ғалымдар, білікті мамандар, оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Бұл шараның ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін қазақ және орыс тілдерінде баяндап ұсынды. Семинар қатысушылары өздерінің ғылыми-әдістемелік баяндамаларымен таныстырып, бір-бірімен пікір алмасып, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері болды. Барлық қатысушылар аталған шараның өзектілі екендігін атай отырып, кафедра ұжымының ғылыми - әдістемелік жұмысының жоғары деңгейін атап өтті. Бұл халықаралық семинар өз мақсатына жетті, барлық қатысушылар үшін пайдалы болды.

 


А. Е. Саденова

ҚазҰУ,ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы кафедрасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста