Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әлемдік сараптамалық орталықтардың 2014 жылғы рейтингісінде үздіктер қатарынан көрінді

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әлемдік сараптамалық орталықтардың 2014 жылғы рейтингісінде үздіктер қатарынан көрінді

Сараптамалық орталықтардың 2014 жылға арналған әлемдік индекс-рейтингісінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия елдері орталықтарының арасында үздік үштікке еніп отыр.
Бұл туралы аталған ҚСЗИ баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, энергетика және шикізат саясаты саласындағы әлемдік сараптамалық орталықтар арасында алғашқы отыздықтан көрінді. Олардың арасында РЭНД корпорэйшн (5-орын), Американдық Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы - CSIS (11-орын), Британияның энергетикалық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі зерттеу орталығы - EUCERS (18-орын) сияқты сараптамалық құрылымдар бар.
Аталған рейтинг Пенсильвания университетінің «Сараптамалық орталықтар және азаматтық қоғам» атты зерттеу бағдарламасы аясында түзіледі. Сараптамалық құрылымдардың жетістіктеріне қарай бағалау 1989 жылдан бері жүргізіліп келеді. Зерттеуге әлемнің барлық өңірінен 6500-ден аса «ақыл-ой» орталықтары алынады.
2014 жылдың рейтингісі мен аталымдары мынадай өлшемдер негізінде түзілді:
- Ғылыми-сараптамалық жұмыстардың сапасы мен беделі: жоғары сапалы, объективті, саяси зерттеулер. Және оның мемлекет басшылығына, БАҚ пен қоғамға қолжетімділігі;
- Орталық қызметкерлерінің кәсібилігі мен абыройы: біліктілігі жоғары, тәжірибелі ғалымдар мен сарапшыларды жинауы, зерттеулер саласында мойындалған мамандарды тартуы;
- Жүргізілген зерттеулердің ғылыми объективтілігі, орталықтың ғалымдары мен сарапшыларының ресми аттестациясы, ғылыми жарияланымдардың сапасы мен түрлері - кітап, журнал, конференциялар материалдары, ғылыми және кәсіби іс-шаралардағы баяндамалардың, орталық мамандары жазған ғылыми мақалалардың саны;
- Нақты бағдарламаларға, брифингтер мен ресми кездесулердің санына, саяси материалдардың шығуына байланысты танымалдығы;
- Зерттеулердің нәтижесін тарату мақсатында электронды және дәстүрлі ақпарат құралдарын пайдалана білу мен негізгі аудиториямен байланыс орнатуы.
Айта кетейік, 2013 жылғы рейтинг бойынша да ҚСЗИ Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің сараптамалық орталықтарының ішінде алдыңғы қатардан орын алған болатын.
ҚСЗИ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылдың 16-маусымында ашылған. Институттың құрылған сәтінен бергі негізгі міндеті - мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде ҚР Президентінің жұмысын ғылыми-сараптамалық тұрғыда қамтамасыз ету.
inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста