Қазақстанда 145 колледж студенттерді оқыту құқығынан айырылды

Елімізде 145 колледж 330 мамандық бойынша студенттерді оқыту құқығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл мамандықтардың арасында еңбек нарығында сұранысқа ие болмаған мамандықтар да бар.
"Студенттер мен ата-аналарға алаңдаудың еш қажеті жоқ. Білім алушылар оқуын аяқтады, ол үшін колледждердің жұмыс жасауына мүмкіндік берілді. Бұған дейін берілген барлық дипломдар жарамды. Тек 145 колледж енді жекелеген мамандықтар бойынша студенттерді оқуға қабылдамайтын болды", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Мониторинг барысында колледж директорларымен бірге жүргізілген жұмыстың нәтижесінде осындай шешім қабылданды.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу