Қазақстанда алғаш рет балаларға арналған қазақ тіліндегі гид-бояғыш кітаптар сериясы пайда болды

Қазақстанда алғаш рет балаларға арналған қазақ тіліндегі гид-бояғыш кітаптар сериясы пайда болды

«ABAYbooks» баспа үйі «Сәлем, Қазақстан!» балаларға арналған бояғыш кітапшаларының коллекциясын ұсынады. Жоба Қазақстан қалаларының танымал тарихи және мәдени жерлері туралы баяндайтын бояулар мен таныстыру жазбаларынан құралған.

Бояғыш кітаптың мақсаты - балалардың сәулет, мүсін, өнер және оның түрлері мен қызметтері туралы түсініктерін кеңейту. Сондай-ақ балаларды өз Отанының қалаларының көрікті жерлері туралы иллюстрациялар бойынша тануға үйрету.

Бояғыш иллюстрациялардың 18 түрі мемлекеттік тілде ұсынылған. Кітап алты жастан асқан және одан жоғары жастағы балаларға арналған. Отандық серияның ерекшелігі – ол бірыңғай қазақ тілінде шығарылады. Бұл-мемлекеттік тілдегі қалалардың көрікті жерлері туралы Қазақстандағы алғашқы бояғыш кітаптар топтамасы.

«ABAYbooks» баспа үйі басшысының айтуынша, кітап кішкентай туристер үшін жолсерік те бола алады.

«Балаларға арналған бояғыш «Сәлем Қазақстан!» кітаптар топтамасын біз еліміздің 18 ірі қаласы бойынша шығардық. Жақында олар барлық кітап сөрелерінде пайда болады. Жобаның негізгі идеясы-балаларды әр қаланың көрікті жерлерімен таныстыру. Жалпы қазақстандықтарға қызықты болады деп ойлаймыз. Бұл топтаманы балалар мен ересектерге арналған кішігірім гид десек те болады. Біз балалар тілінде қаланың көрікті жерлері туралы айтамыз. Өйткені нарықтағы барлық материалдарды, кітап дүкендерінің талаптарын зерделей келе, мемлекеттік тілдегі бояғыш кітаптарды жетіспейтіндігін байқадық», - деді Майра Әлжанова.

Айта кету керек, балаларға арналған бояғыш «Сәлем Қазақстан!» кітаптары бұл «ABAYbooks» баспа үйінің алғашқы өнімдерінің бірі. Жоба 4 айға жуық уақыт дайындалған. Әрбір иллюстрация бойынша кәсіби дизайнерлер жұмыс атқарған.

Сонымен бірге, «ABAYbooks» баспа үйі осы жылдың қыркүйек айында баршаға белгілі әрі сүйікті Disney ертегілерінің топтамасын шығаруды жоспарлап отыр.

 «ABAYbooks» баспа үйі «Cәлем, Қазақстан!» топтамасындағы балаларға арналған бояғыш кітаптарының тұсаукесері 12 шілде күні Гоголь көшесі 58 мекенжайында орналасқан «Меломан» дүкендер желісінде сағат 19.00- де өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста