Қазақстанда мектептерде 7 және 9 мамырға арналған жиын өтпейді

Қазақстанда мектептерде 7 және 9 мамырға арналған жиын өтпейді

Биыл мектептерде 7 және 9 мамырдағы мерекелерге орай жиын өткізу жоспары жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылды.

"Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді", - дейді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, таяуда қорғаныс министрілігі биыл жеңіс күніне арналған әскери парадтың өтпейтінін хабарлады. Кейін оның себебі түсіндірілді. Ал бүгін қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бір әскери парад өткізуге шамамен 4 млрд теңге жұмсалатынын жеткізді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда 7 және 9 мамыр күндері мерекелік отшашудың болмайтыны айтылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста