Қазақстанда оқу жылының қанша күнге созылатыны белгілі болды

Қазақстанда оқу жылының қанша күнге созылатыны белгілі болды

Білім және ғылым министірлігі мектептер 5 күндік оқу аптасына көшкеннен кейін оқу жылы қанша күнге созылатынын түсіндіріп берді.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, ғаламтор желісінде жұртшылық оқушылардың бес күндік оқу аптасына көшуіне және жазғы демалыс күндерінің қысқартылуына байланысты алаңдаушылық білдіруде.

"Қазақстанда бірінші сынып оқушылары 33 апта оқиды. 2016 жылы жаңартылған білім беру бағдарламасына көшкен кезде, оқушылар аптасына 5 күн оқитын болады. Жаңартылған бағдарлама оқу жылының тек 5 күнге ұзартылуын талап етеді, демек 1 маусымға дейін. Алайда, босатылған сенбі күндерінің нәтижесінде демалыс 33 күнді құрайтын болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар БҒМ егер оқу бағдарламасын өзгертпесе, оқу аптасын азайтқанда оқушыларға маусымның соңына дейін оқуға тура келетінін атап өтті.

"Біздің ойымызша, 5 күндік оқу аптасына көшудің және жаңартылған білім беру бағдарламасының артықшылықтары даусыз", - деп түсіндірді министрліктегілер.

2017 жылдан бастап, 2019 жылға дейін барлық деңгейлер 5 күндік оқу аптасына көшеді. Жаңартылған бағдарламаны енгізерде 34 апталық оқу жылы орта және жоғарғы сыныптар үшін тек 10 оқу күніне созылады. Сонымен бірге, оқушыларға оқу жылында 34 демалыс (сенбі) күндері беріледі.

Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес күзгі, қысқы және көктемгі демалыс күндері қысқартылмайды.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысының жолдауы бойынша, осы оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап, еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 1-сыныптары 5 күндік оқу аптасына көшетіні хабарланған. Кейін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бескүндік білім жүйесіне көшкен жағдайда, оқу жылын жаздың ортасына дейін ұзартуға тура келетінін айтқан. Ал Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мектептерде оқу маусымын шілдеге дейін созуды ұсынған еді.
nur.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста