Қазақстандық оқушылар 5 күндік оқу жүйесіне көшеді

Қазақстандық оқушылар 5 күндік оқу жүйесіне көшеді

2016 жылдан бастап, Қазақстан мектептерінде 5 күндік оқыту стандарттары енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстан президентінің тапсырмасымен орта білім беру мазмұнын өзгертуді бастап кеттік. Жаңа бағдарламалар енгізіледі. Онда білім беруден бұрын, оқушыларға қажетті машық пен дағдыларды қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Бүгінде біз 30 мектепті таңдап алдық, қыркүйектен бастап сол жүйені соларға тәжірибе ретінде енгіземіз. Келесі жылы 1 сыныптан бастап, барлық мектептерге тарататын боламыз», – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, жаңа стандарттар баланың оқуға тиісті бағдарламасын ауырлатпайды.

«Оқушылардың оқу көлемінің тым артып кеткендігіне қатысты пікірге келетін болсақ, ауыртпалық өзгермейді. Оқу бағдарламасы одан әрі ауырламайды. Жаңа стандарт бойынша біз 5 күндік оқу жүйесін қарастырып отырмыз. Мектептердің басым бөлігінде 5 күндік оқу болады. Оқушылар тым көп және үш ауысымда оқытатын мектептерде 6 күндік оқыту әлі сақтала бермек. Бірақ олардың саны бірен-саран», – деді Сәрінжіпов.

Baq.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста