Қытайдағы қандастарымыз «Ақылды қоян» жаңа электронды оқу құралын сатылымға шығарды

Қытайдағы қандастарымыз «Ақылды қоян» жаңа электронды оқу құралын сатылымға шығарды

«Дана» электронды қаламы арқылы танымал болған Қытайдағы қандастарымыздың «Меңтай» ЖШС балаларға арналған «Ақылды қоян» жаңа электронды оқу құралын сатылымға шығарды.
Аталмыш интеллектуалдық оқу құралы 3-12 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Көлемі 800 шумақтан тұратын 88 түрлі тақпақ, қазақ халық ертегілері мен шетел халықтарының ертегілерін қамтыған 130 ертегі, қазақ халқының әдет-ғұрып, ұлттық дүниетанымына қатысты 1500-ге жуық атауға түсінік берілген. Сонымен қатар мақал-мәтел, жаңылтпаш, ырымдар мен тыйымдар, Абай өлеңдерін қамтыған 500-ге жуық мәтін мен 200-ден астам әндер қамтылған.
«Бұған дейін «Дана» қаламы арқылы оқытылатын «Дыбысты әліппе», «Ағылшын тілі негіздері», «Бастауыш мектеп оқулықтарын оқыту құралы» сынды өнімдер шығарған болатынбыз. «Ақылды қоян» - осы материалдарды балаларға оқып беретін электронды құрылғының аты. Құрылғы түрлі-түсті жарық шығара алатын, құлақтары бүктеуге ыңғайластырылған қоян формасында жасалғандықтан «Ақылды қоян» аталып отыр. Бұл оқу құралының сапасы жоғары, балаларға залалсыз, бағасы қолжетімді. Өнімімізді алдағы уақытта Қазақстан нарығына шығару мәселесін де ойластырып отырмыз»,- дейді «Меңтай» ЖШС-ның директоры, жоба авторы Қанатқан Әбілғалиұлы.
Ұлттық экономика, ұлттық өнім жайлы сөз қозғағанда Қытайдағы бауырларымыздың алар орны бір төбе. Бүгінде ұлттық нақыштағы заманауи киім-кешектер мен тұрмыстық бұйымдар, ұлттық әшекейлер, сырмақ, түскиіз сынды мұражайларда ғана кездесер құнды қолөнер бұйымдарымыз, қазақы кілемдер мен ұлттық ою-өрнектегі құрылыс материалдары бүгінде Шыңжаңнан шекара асып, ел аумағына да келіп жатыр.
Ата жұрттан алыста жатса да, ұлттың, «қара домалақтардың» қамын ойлап тер төгіп жүрген асыл азаматтарымыз бен ұлттық өнімдеріміздің саны көп болғай!
inform.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста