Қыз өссе – елдің көркі

«Баланы- жастан», - дейді халқымыз. Бұл – өміршең пікір. Зерделі халқымыз баланы жастайынан жақсы өсиет, кеңестер айту арқылы өнегелі тәрбие беріп, қимыл – әрекетіне байқау жүргізіп, оның ішінде әсіресе, ойынға үлкен мән берген. Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қыз баланы арын жасынан сақтауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, үй күту, қонақ күту рәсімдерін игеруге, отбасының берекесі болуға дағдыландырған. «Қыз бала- қонақ, қонақты сыйлар болар», содан соң, «Есік жақта отырған қыздың төркіні кедей болар», - деп ырымдай отырып, ұл балаларды жасынан әйел – ананы сыйлап өсуге баулыған. Қай заманда да болсын, жанұя бақыты – әйел анаға байланысты. Қыз бала жасөспірім шағында яғни он төрт-он беске келгенде бойын түзеп, таза, сәнді киініп, есейгенін сезініп, әдемі көрінуге тырыса бастайды. Бұл – табиғи заңды құбылыс. Әрине бьұл кезеңде оларды жақсы мен жаманды, сыпайгершілік пен тұрпайлықты еркін аңғаруға талғамы жете бермейді. Сондықтан ала-құла киімдер киіп, бет-аузын әлем- жәлем етіп боянып, «бойы бұлғаң, сөзі жылмаң» жастарға еліктеуі мүмкін. Қыз баланы әр нәрсеге еліктеп, әсіреқызыл болудан сақтандыру, оның ақыл-ойының аумалы-төкпелі кезеңінде анасы дұрыс жол көрсетіп, ақ-қараны ажыратуына көмектесуі тиіс. Бой күтімі алдымен тазалықтан, яғни өзінің киімін кіршіксіз, ұқыпты киюден басталады. Екінші шаш күтімі, бет күтімі, тіс күтімі сияқты ажарлы болып өсуіне қажетті жағдайларды білгені жөн. Ал, шаш күтіміне тоқталсақ:
Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сыбдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік ақ тамақ, қара қасы,
Сұлу қыздың көріп пе едің мұндай түрін.
Кең маңдайлы қолаң шаш,
Я, бір кез, я, құлаш – деп суреттейді ұлы Абай. Қыз баланың сұлулығын шынында қыз баланың шашы қалың да, ұзын болса, оны екі бұрым қылып, өріп, арқасына тастап қойса, қандай жарасып тұар еді. Ұзын шашты қыздың жүріп бара жатқан артынан қарап тұрудың өзі көңілге әдемі бір сезім ұялатады. Әрине, әджемі шаш өсіру де оңай емес. Ол үшін қыз баланың шашын жасынан мәпелеп өсірген дұрыс. Жаңа туған жас нәрестенің шашын қайшымен қиып, ал, жеті – сегіз ай болғанда немесе бір жасқа толғанда шашын ұстарамен алу керек. Өйткені баланың қарын шашы өте жұмсақ және сирек болады. Шашты ұстарамен алғаннан кейін баланың шашы қайратты да жиі болып өседі. Ал, жиі жуылған шаш тез өседі. Ұзын шашты ұшынан бастап тараған жөн. Шаш деген нәзік нәрсе. Оны жас баладай аялап өсіру керек. Жас баланы әсіресе қыз баланы рахит ауруынан сақтандыру үшін «Д» витамин жетіспеуінен
сақтандыру керек. Қыз бала он алты-он жеті жасқа келгенде өмір есігі айқара ашылғандай, ойына алған арманының бәрі мүлтіксіз орындалатындай сезіліп, албырт қиял, шартарапқа шапшиды. Ал келешекте қандай адам болары дәл осы кезде, яғни мінез – құлқы,е мақсат – мүддесі, денсаулық дәрежесі қалыптасатын шағында айқындалуы тиіс. Қыз баланың бой – тұлғасы сымбатты, денсаулығы мықты болып өсу үшін таңертеңгі гиманастикадан бастап жүйелі жаттығулар жасау қажет. Қорыта келгенде, «Қыз өссе елдің көркі» , - деген сөздің тамыры тереңде жатқанына ата-ана болып, барлығымыз ұмытпай жадымызда сақтайық...





