Қызылорда облысында 400 миллионға салынған мектеп құлайын деп тұр: Оқушылар биыл әкімдікте оқымақ

Қызылорда облысында 400 миллионға салынған мектеп құлайын деп тұр: Оқушылар биыл әкімдікте оқымақ

Қызылорда облысы Арал ауданында 150-дей оқушы биыл жаңа оқу жылында мектептің емес, әкімдік ғимаратының табалдырығын аттағалы отыр. Өйткені небәрі бес жыл бұрын ғана бюджеттің 400 миллион теңгесіне салынған ауылдағы су жаңа білім ұясы жабылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Қолданысқа берілгеніне көп ұзамай мектептің қабырғалары жарылған. Қазір құлаудың аз-ақ алдында тұр. Сондықтан, былтыр білім ордасы апатты деп танылып, есігіне қара құлып салынған. Білім ұясының құрылысына 402 миллион теңге жұмсалыпты. Ата-атаналар бюджеттің ақшасына дәл осындай сапасыз мектеп салып берген жергілікті биліктегілерге ашулы.

 
Олар алдағы оқу жылында да сабақ әкімдік ғимаратында өтеді дегенге наразылық білдірді. Өйткені ешқандай талаптарға сай келмейтін әкімдікте оқушылар былтыр бір тоқсан оқыған екен. Сол кезде суық ғимаратта балаларымыз тоңып, бірінен соң бірі ауырып шықты дейді.

“Қиын болды. Балалар сыймады. Ең көп дегені 24 баладан болды. Оның үстіне суық болды. Іші ремонтталмаған, балалар тоңды. Бірақ амал жоқ. Оқу керек, оқыды”, – дейді ата-ана Гүлмараш Әбілтаева. 

Ал облыстық білім басқармасы ауыл оқушыларының мәселесін биыл да шешіп бере алмайтындарын кесіп айтты. Басқарма әзірге тек апатты мектептің бұл жағдайын тексеріп, жобалық-сметасын дайындауға ғана қаражат аударылатын болды деп отыр.

“Жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық мәслихатқа бюджеттік өтінім ұсынылып отыр. Бюджеттен қолдау тауып отыр. Сапалы салынуы, сапасыздығынан апатты жағдай орын алып отыр деу үшін оған сараптама керек. Жер асты сулары көбейіп кетеді. Содан болуы керек”- дейді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.

Басқармадығалар да әдеттегі шенеуніктердей мектептің небәрі бес жылда апатты күйге түсуіне табиғатты кінәлап отырғандай. Қазіргі қирауға шақ қалған ғимараттың "тағдыры" сараптамадан кейін шешіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста