Шет елдік жастар қазақ тілі жайлы

Шет елдік жастар қазақ тілі жайлы

Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі күн сайын артып келеді. Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Әрине, тіліміз әлемдік деңгейге жете қоймағанмен, өз дәрежесін берік ұстап келуде. Мәселен, көршілес жатқан шет елдердің жастары арасында қазақ тіліне деген қызығушлық артқан.

Оның ішінде, Корей, Түрік, Ресей, Қытай, Үнді секілді елдерден келіп оқитын талапкерлер аз емес. Оған бірден-бір дәлел ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тәлім алатын студенттерді айта аламыз. Аталмыш университетте Жоғарғы Оқу Орнына дейінгі білім беру факультетінде шет елден келіп оқитын студенттердің саны әр жыл сайын өсуде. Бір жыл бойы алған білімдерінің арқасында қай ұлт болмасын қазақ тілін жақсы біліп шығады. Сонымен қатар бұл факультетте тағылымдамалық сабақтар да өтіп жатады. Мысалы, жақында Мәскеу Мемлекеттік Лингвистикалық университетінен тоғыз шақты студент елімізге қазақ тілінен бір апталық сабақ алуға келген еді. Солардың пікірін білу мақсатында біраз сұрақтар қойып, сұхбаттасқан едік.

- Қазақ тіліне деген қызығушылығыңыз қалай ашыла бастады және қазақ тілін меңгеру сіз үшін қиын болған жоқ па?

-Қазақ тілін біз бірінші курста өткен ақпан айынан оқи бастадық. Біз қазақ тілін университетте үйрендік. Бастапқы уақытта қиын болды. Себебі біз ешқашан түркі тілдерін оқыған емеспіз. Қазақ тілінде спецификалық әріптер бар. Біразымызға бұл қиындықтар тудырды. Сонда да сабақтар қызықты өтті.
Біз қазақ әндерін, өлеңдерін үйрендік және Қазақстан елшілігінің шақыруымен көп іс-шараларға қатыстық. Онда біз Қазақстан мәдениетімен таныстық. Сол кезде бірден біздің қазақ тіліне деген қызығушылығымыз арта бастады.
Қазір Қазақстанға келгенде біз қазақша сөйлей алатынымызға көзіміз жетті. Біз үшін бұл үлкен қуаныш! (Таня)

- Бұдан бөлек тағы қандай тілдерді үйреніп жатсыз және болашақта өз жұмысыңызды қазақ тілімен байланыстыра аласыз ба?

-Бұдан бөлек тағы мен ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Менің ойымша, ағылшын тілімен және қазақ тілімен көп есіктер ашылады.
Әрине, болашақта мен қазақ тілімен жұмыс істегім келеді. Менің арманым – Алматыда тұру және Ресей консулдығында жұмыс істеу.
Қазақ тілі орыстар арасында сирек тіл болып есептеледі. Сондықтан біз өте танымал мамандар боламыз.
Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің көмегімен біз іс-шараларға қатысамыз, қызық және танымал адамдармен танысамыз. Мүмкін бұл бізге болашақта жұмысқа орналасуға септігін тигізеді. (Арина)

- Қазіргі таңда алып жатқан біліміңізге берер бағаңыз?

-Менің ойымша, осындай бағдарламалар өте керек. Шет тілдер оқу үшін тілдік орта және тәжірибе қажет, әсіресе қазақ тілін оқыған кезде.
Қазақ тілінде өтетін шараларға қатысу біз үшін өте пайдалы болды. Егер бұрын мен тек 20 пайыз қазақ тілінде түсінсем, қазір мен көбірек түсіне аламын. Соған орай біздің Қазақстанға келуімізге қолдау көрсеткеніне Бірінші Президенттің қорына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар ұстазымыз Кәмшат Шахатоваға және бағдарламаның координаторы Мусабекова Ұлжан Есеновна мен сабақ беріп жатқан мұғалімдерге (Дүйсенбаева Райхан, Саденова Айгүл, Машинбаева Гүлназ, Ешимов Мұхтар) және Алматының көрікті жерлерімен таныстырған Азнабакиева Мария Адильбековна мен Курманова Таисия Витальевна апайларымызға алғысымызды білдіреміз! (Саша)

- Осы жердегі ұстаздардың сабақ берудегі қолданатын қандай ерекше әдістерін байқадыңыздар?

- Біз университетке күнде барамыз және әртүрлі мұғалімдерден сабақ алдық. Маған сабақтар ұнады, себебі әр мұғалімнін өз методикасы бар. Біз мәтін оқып, оны аудардық және жаңа сөздер үйрендік. Тағы да біз презентация, Алматы туралы фильм көріп, жаңа ақпарат білдік.
Мәскеуде біздің қазақ тілі орталығымызда қызық сабақтар болды. Біз мұғалімімізбен қазақ фильмдерін көреміз, қазақ әндерін айтамыз, жаңалықтар аударамыз.
Әл-Фараби университетінде маған ұнайды, себебі мында өте жақсы мұғалімдер және қызық сабақтар өтеді. Бұл біз үшін жаңа методика. Мен әл-Фараби университетінде сабақ алғаныма қуаныштымын! (Седа)

- Алматыдан басқа Қазақстанның қандай қалаларына барғыңыз келеді?

-Мен Қазақстанға бірінші рет келдім. Біз Астанаға бардық, қазір Алматыға келдік.
Астана – заманауи ғимаратты қала, бірақ маған Алматы көбірек ұнады. Алматының табиғаты өте әдемі. Мұнда өте таза ауа және әдемі таулар бар. Алматыда қызық көрікті жерлер бар. Мысалы, маған Көк-Төбе, Шымбұлақ және Шарын шатқалы өте ұнады.
Әрине, Қазақстан үлкен ел. Мен басқа да қалаларды көргіи келеді. Мысалы, Қарағанды, Шымкент және Батыс Қазақстанды көргім келеді. (Надя)

- Қазақ халқының өзіне тән қандай ерекше қасиеттерін байқадыңыз?

-Шетелдіктердің жаңа қоғамға үйренуі әрқашан қиын. Бірақ Қазақстандағы адамдар өздеріне баурап алады.
Қазақстан көп ұлтты ел. Адамдардың бір-бірін түсінуіне көмектесетін көптеген дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бар.
Қазақтар – өте қонақжай, көпшіл және ашық адамдар. Егер бірдеңе қажет болса, олар саған көмектесуге әрқашан қуанады. (Карина)

- Еліміздің мәдениеті жайлы не айта аласыз?

-Менің ойымша, әр ұлт үшін өз дәстүрін сақтап қалу – ең басты нәрсе.
Қазақстанның мәдениеті өте ерекше. Қазақтар осы күнге дейін өз әдет-ғұрыптарын сақтап келе жатыр. Мысалы, қазақтың тойы. (Вера)

Осындай студенттердің біздің елімізге келіп, білім алғандары өте қуантарлық жайт және бұл сұхбат арқылы тек еліміздің жасөспірімдеріне үлгі болып қана қоймай, көршілес жатқан елдерге де танымдық ақпарат бере алдық деп ойлаймыз.

Қамидолла Ақбибі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультеті, 4-курс

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста