Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен жақында Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттерге ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар «Алғыс айту күні» атты ашық тәрбиелік іс-шарасы өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесінің мәні туралы түсінік беру және ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды.

Іс-шара барысында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары баяндамалар жасай отырып, «Алғыс айту күні» – тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтеріп, қолдау көрсетіп, қорған болғаны үшін қазақ халқына алғыс білдіретіні туралы сөз етіп, сонымен қатар, «Алғыс айту күнін» тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болатынын және ешуақытта қазақ халқының қамқорлығының ұмытылмайтынын әрі қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімі өзгеге үлгі болатынын мақтанышпен жеткізді.

Іс-шара барысында факультет студенттері сұрақ-жауап интелектуалды ойын-сайысына қатысты. «Алғыс айту күні» мерекесі туралы көрме ұйымдастырылып, қазақ елінің тарихы, салт-дәстүрі, ұлттық нақышы, киімі, тағамы мен мәдениеті, өнері таныстырылды. Іс-шара музыкалық-поэтикалық кешпен жалғасын тапты. Бұл кеште студенттер дайындаған қойылымдарын көрсетті. Кеш барысында орыс, қазақ тілдерінде өлеңдер оқылып, әндер орындалды.
Іс-шара арқылы факультеттегі шетелдік студенттер «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесі, қазақ елінің мәдениеті, әдет-ғұрпы, тарихы туралы жаңа мағлұматтармен таныс болды.

Шетелдік студенттер танымдық-мәдени іс-шараларға қатысу арқылы осы факультетте тек қана білім алып қана қоймай, мәдени іс-шараларға да араласып, мәдени, рухани өсуге болатынына көз жеткізіп отырады.

А.Е. Саденова., Т.В. Курманова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста