Смайылов ауыл балаларына планшет сатып алуды тапсырды

Смайылов ауыл балаларына планшет сатып алуды тапсырды

Премьер-министр оқулықтарды цифрлық форматқа көшіріп, оқушыларды ауыр сөмкелерден арылту қажет екенін айтты.

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан халқына" қорына ауылдағы оқушыларға планшеттер сатып алуды тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Смайылов үкімет үйінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру бойынша кеңесте оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін мәлімдеді.

Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, "Қазақстан халқына" қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек", - деді премьер.
Ол "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланып отырғанын еске салды.

"Ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Алайда бүгінде өңірлердегі 143 мектептің жер учаскелерін анықтау бойынша сұрақтар шешілмеген. Бұл жұмысты барынша тездету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылы және жыл соңына дейін 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек", - деді Әлихан Смайылов.
Кеңес соңында үкімет басшысы цифрлық даму министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектебін сапалы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста