Сот балабақшада баланы ұрған тәрбиешіге жаза тағайындады

Сот балабақшада баланы ұрған тәрбиешіге жаза тағайындады

30 қыркүйекте Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты балаларды дамыту орталығының тәрбиешісі К-ға қатысты айыптау үкімін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі елорда сотына сілтеме жасап жазды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы К-ның балабақша тәрбиешісі бола отырып, танымдық сабақтар кезінде оны тыңдамаған Ш.-ның қыңырлығына байланысты баланы жүйелі түрде ұрып-соғуды бастады деген айып таққан.

 

«Сотта К балалар мекемесінің тәрбиешісі бола отырып, өз міндеттерін орындамағаны және баланы басынан алақанымен соққаны анықталды. Сотталушы баланың мойнына, кеудесіне, сол жақ қолындағы көгерген және сол қолында қанталаған түріндегі дене жарақаттарын келтіргені туралы дәлелдер анықталған жоқ. Сонымен қатар сотта балалардың балабақшада болған кезеңінде олардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты болған К өз міндеттерін орындамағаны, соның салдарынан балабақшада баланың белгісіз мән-жайларда дене жарақатын алғаны дәлелденді», - деп жазды ведомстводан.

 

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушыға қатысты заңда (ҚК 53 – бабы) көзделген жеңілдететін мән-жай ретінде оның жас баласының болуын, жүктілігін есепке алды. Сондай-ақ К-ға кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдар мен қызметтерді атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста