Студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні рас па?
WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні туралы ақпарат тарады. Жазбада Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілгені айтылған. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайдыMassaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тиісті өзгерістер қаулыға енгізілмеген.
"ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады", - деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.
Massaget.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу