Шымкентте мұғалімдер мектеп директорына қарсы шықты

Шымкентте мұғалімдер мектеп директорына қарсы шықты

Шымкентте мұғалімдер директорына қарсы шықты. Педагогтардың айтуынша, қаладағы №4 мектептің басшысы ауысқалы ұжымнан береке кеткен. «Cебепсіз жұмыстан шығару, ұжым мен ата-анадан ақша жинау деген бұл мектепке қалыпты нәрсеге айналды», - дейді наразы топ.

 

Тіпті директорға ұнамай қалған бір топ мұғалімнің зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру сияқты міндетті жарнасы аударылмапты.

 

Директор мұның бәрін жоққа шығарды.

 

Шымкенттегі №4 мектептегі ұжымда былтырдан бері маза жоқ. Себебі, директор орынтаққа жайғаса сала, өзіне ұнамды-ұнамсыздарды іріктеп, жақтырмағандарын кабинетіне шақырып, жұмыстан кетуге арыз жаздырыпты,

 

Кеткен мұғалімдердің бірнешеуі сотқа жүгініп, жұмысқа қайта орналасқан. Бірақ жалақы алғанымен, зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру мен медициналық сақтандыру сияқты міндетті жарна аударылмай қалған.

 

Феруза Бөбеева, мұғалім:

 

- Соның салдарынан бізде Тайтөлеева Гүлнұр ұстазымыз декреттік демалыс ала алмай қалды. Мен мемлекеттік «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша үй ала алмай қалдым. Және соның кесірінен Жақыпбекова ұстазымыз да соған қол жеткізе алмай отыр. Көбісі 0,5 мөлшерлемемен отыр. Оны ешкім айта алмайды. Мына заманда, пандемия кезінде отбасын асырау керек. Ертең директор артыма түсіп ала ма деп, міне, біздің артымыздан түсіп алғаннан кейін жүрміз, бір жыл бойы.

 

«Дамира Манкеева директор болғалы мектептегі кадрлық бизнестің де көркін қыздырды», - дейді наразы ұстаздар.

 

Яғни сағат аз болса да, мұғалімдер көбейіпті. Ұнасаң, сағатың көбейіп, ұнамасаң, аяқасты ақысыз демалысқа шығып кетуің де ғажап емес екен. Декретте жүргендер орнына келе алмайды. Оның орнына өзге мектептен келетіндерге берілетін көрінеді.

 

«Өзі қалаған адамын кез келген пәнге маман етеді», - дейді.

 

Майра Қыдырбаева, мұғалім:

 

- Ақпан айынан бері мені мұғалімдер жұмысын ұйымдастырушыға ауыстырды. Қыркүйекте ұйымдастырушыға ауыстырды. Сөйтіп әрқайсына ауыстырып, ақыр соңы қыркүйек-қазанда хатшы етіп қоймақшы болған. Мен хатшы болып істемеймін дедім.

 

Мұғалімдер тексеріс десе, зәреміз ұшады дейді. Себебі, мектепке салынған айыппұл жалпы ұжымның мойнына салық боп ілінеді екен.

 

Ақша жинау мәселесін мектепке кездейсоқ келген ата-аналар да айтып қалды. Мәселен, бүгін СЭС келеді деп, 4-сынып оқушыларын қайтарыпты. Ал СЭС-ке дайын болу үшін әр оқушы ақша өткізу керек екен.

 

Ұлболсын Базарбекова, оқушының анасы:

 

- Әр оқушыдан 500 теңгеден жинады. Егемендік алғанымызға 29 жыл болды. Егемендік алыппыз деп, мына жерде айқайлаймыз. Сонда үкімет СЭС-тің құралымен жабдықтауға шамасы келмей ме? Әлде басшы қайда қарап отыр?

 

Ал мектеп басшысы: «Ақша жина деп ешкімді қыстаған жоқпын», - дейді. Адал әрі жұмсақ мінезімді кей мұғалімдер басынады деп кейіді. Жұмыстан кетіп, сот шешімі арқылы келгендерді де еш қыспаққа алмапты-мыс.

 

Дамира Манкеева, №4 мектептің директоры:

 

- Бұл кісілер айтты: «Бізді осы қиын, пандемия кезінде жұмысқа қайтіп орналастырмаса, біз Тоқаевтың алдына барып, өз-өзімізді өртейміз» - деді. Сондықтан осындай резоноанс жағдай болмас үшін бұлардың бәрін ... олардың орнына мен ешкімді жұмысқа алғам жоқ. Ешқандай кадрлық бизнес бізде жоқ. Еш нәрсеге аұша жинамаймыз. Неғыламыз жинап ақшаны. Барлықтарымыз жалақыға өмір сүреміз.

 

Басшыға қатысты мұғалімдер тобы жыл басынан бері Шымкенттегі құзырлы орындардың барлығына шағым түсіріпті. Жұмыстан шығып қайта кірген педагогтардың арызынан соң қатаң сөгіс те алған екен.

 

Ал қалалық білім бөлімі бұл мектепті тағы да тексеретін болды. Бірақ мұғалімдер тексеріс қаладан емес, Елордадан келсе, талай былықтың беті ашылатынына сенімді.

 

 

 

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста