Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын биыл 2 мыңға жуық жас маман бітірді

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын биыл 2 мыңға жуық жас маман бітірді

«Сәт сапар саған, жас түлек!». Бүгін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының түлектері диплом алып, үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы жылы аталған жоғары оқу орнын 27 мамандық бойынша 1917 студент тәмәмдады. Оның 1135-і күндізгі, 782-і сырттай бөлімдерді бітірді.
Салтанатты жиын барысында институт ректоры Дария Қожамжарова: «Сіздер бүгін құдіретті де, қасиетті, 50 жылдық тарихы бар іргелі білім ордасын аяқтап, үлкен өмірге жолдама алғалы отырсыздар. Бұл барлығымыз үшін ерекше күн, ерекше мереке. Біз үшін де, қыздарымызға дәріс берген ұстаздарымыз үшін де, Сіздерден үміт күткен ата-аналарыңыз үшін де өте үлкен қуаныш. Біздің түлектеріміздің қатарында есімдері елге танымал қоғам қайраткерлері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегерлері, белгілі ғалымдар мен ұстаздар, даңқты спортшылар да бар. Сіздердің алдарыңызда тұрған ең басты міндет – институттан алған білімдеріңізді тәжірибемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекелестік қабілеті жоғары кәсіби тұлға болу» – деді. Салтанатты жиын барысында, «Томирис» бишілер тобы, «Көне Тараз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және халықаралық, республикалық ән байқауларының жеңімпаздары әннен шашу шашып, жастарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ әр жылдары осы оқу орнын бітірген түлектер өз ізбасарларына жылы лебіздерін жеткізіп, диплом табыстады.
Айта кетейік, құрылғалы бері аға буынның бірнеше легін ауыстырып, өскелең жас ұрпақтың көптеген буынын тарих сахнасына шығарған Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласында және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Оқу орнындағы 7 факультет 27 мамандық бойынша білім береді.


 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста