"Тәрбиелеме, шаруаң болмасын": Серікгүл Сали ұстаздарды тек білім берумен айналысуға шақырды

"Тәрбиелеме, шаруаң болмасын": Серікгүл Сали ұстаздарды тек білім берумен айналысуға шақырды

Белгілі психолог Серікгүл Сали еліміздегі бала тәрбиесіне қатысты пікірін айтты. Маманның ойынша, мектеп мұғалімдері бала тәрбиесіне араласпауы керек, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Серікгүл Сали "Хабар" телеарнасындағы "Бүгін" бағдарламасында баланы "жұрт не дейді" деген ұстаныммен тәрбиелеуді құптамайтынын жеткізген. Бағдарлама қонағы мұғалімнің бала тәрбиесіндегі рөліне ерекше тоқталды. Маман мұғалімдерді бала тәрбиесіне мүлде араласпауға шақырды. "Бала сенің алдыңда жартылай жалаңаш па, шашын бояп алған ба, мейлі. Балаға қызықтырып, біліміңді бер, баланы білім арқылы еліктір. Тәрбиелеме, шаруаң болмасын, ата-анасы тәрбиелейді. Бұл жерде мектептегі психолог кіріседі. Менің маман ретіндегі ойым - мектептегі мұғалімдер баланы тәрбиелемейді деп нақты кесіп айту керек. "Сенің шашың ұзын, түрің мынау, масқара, неге шашыңды бояғансың? Сырғаны шеш!", - деп айтпаңыз. Сіз ата-анасына айтыңыз. Балаға білім беріңіз, қызықты етіп математиканы үйретіңіз, химияны үйретіңіз. Сен ұстаз бол, үлгі бол, балаларға ашылып сабақ бер. Осындай нәрсеге көшуіміз керек. Білім қызықты етіп берілсе, тәрбие өзі келеді", - дейді психолог. Психологтың сөзінше, қазіргі ұстаздар өте сауатты болуы керек. 

KAZ.NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста