Тарих және қазіргі заман: Қазақ хандығына 550 жыл! (фото)

Тарих және қазіргі заман: Қазақ хандығына 550 жыл! (фото)

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып жүрген шетелдік студенттер үшін жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде «Қазақ хандығына 550 жыл!» мемлекеттік мерекесіне орай арнайы ашық тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Ашық тәрбиелік іс-шара «Тарих және қазіргі заман: Қазақ хандығына 550 жыл!» атты тақырыпта өтті. 
Іс-шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен АҚШ, Испания, Қытай, Түркия, Вьетнам, Корея, Жапония, Монғолия және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік студенттер қатысты.
Іс-шара барысында сөз алған шетелдік студенттер өз өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, тілі мен мәдениетіне қарамастан, барлық ұлттардың қызығушылығын біріктіретін, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін Қазақстанның саяси жүйесінің маңыздылығы туралы сөз етіп, Қазақстан Республикасының мемлекет болып қалыптасу тарихы қызықтыратынын да атап өтті.
Одан кейін кафедраның оқытушылары сөз алып, бүгінгі жаһандық әлемде Қазақстан тек экономика саласында ғана емес, сонымен бірге ғылым, білім және мәдениет салаларында да лайықты орын алатыны жайлы, Қазақ хандығының құрылу тарихы жөнінде және Қазақ хандығының негізін салушылар Керей хан мен Жәнібек хан туралы бейне түсірілім көрсете отырып, баяндамаларымен таныстырды. Студенттер Қазақстанның тарихы туралы және дала билеушілері, қазақ халқының мәдени дәстүрлері жөнінде көптеген сұрақтар қойды.
Сонымен қатар, бұл іс-шарада шетелдік студенттер аталған мерекеге арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.
Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті.
       «Қазақ хандығына 550 жыл!» - мемлекеттік мерекесіне арналған ашық тәрбиелік іс-шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар мәдениетаралық коммуникация студенттерді Қазақстанның тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.

А.Е. Саденова., Е.Р. Игнатова.,
Д.С. Толмачева., А.К. Ахметова
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының оқытушылары 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста