Тарихи күн

Тарихи күн

Еліміздің тарихында алғаш рет бір топ мұғалімге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" медалі табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Білім және ғылым министрлігінің мәжіліс залына республиканың түкпір-түкпірінен келген бір топ ұстаз жиналды. Көңілді музыкалық мәжіліс залының қабырғаларына "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары" деген плакат ілінген. 

 
Министр Асхат Аймағамбетов педагогтарға мемлекеттік награданы табыстап, оларға алғыс айтты.

"Мемлекет мұғалім кәсібінің мәртебесі мен беделін көтеруге ерекше назар аударады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік сыйлығы бекітілді. Еңбектеріңіз бен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Марапатпен құттықтап, сіздерге денсаулық, амандық және талантты оқушылар тілеймін!", - деді Асхат Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, мұғалімдер мәртебесі туралы заң шыққанан бері көп шаруа тындырылған. Мұғалімнің апталық жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа азаятынын, жалақы көбейгенін, әлі де көбейетінін, қосымша жұмыстардан босатылғанын айтты, сонда да болса, кей ауданда мұғалімдер қосымша жұмыстарға жегіліп жатқанын сөз етті.

"Педагогикалық институттағы студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңгеге көтерілді. 75 балл алғандар мұғалімдікке қабылданады. Мұғалім боламын деген жігіттер саны көбейді. Мектептерде Алтын белгіге бітіретіндер саны екі есе артты. Бүгін педагогтар үшін тарихи күн. Сіздерді "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағымен марапаттаймыз", - деді министр Аймағамбетов.

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы мұғалімдерге ерекше жетістіктері мен мемлекет алдындағы қызметі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған мұғалім 1000 АЕК көлемінде бірреттік төлем алады.

Отырғандардың бәрінің кеудесінде алтындалған медаль жарқырады. Соның бірі - өмірінің 57 жылын ұстаздыққа арнаған, 77 жасында зейнетке шыққан, педагогтерге арналған кітаптардың авторы Орынша апаймен сөйлестік.

"Кеудемді қуаныш кернеді. 10-15 жылға жасарып кеткендей болдым. Осындай күндерді менің замандастарым қиялында армандаған еді. Бірақ олар арманына жете алмай, о дүниелік болып кетті. Бұл күнді мен көрдім, мұғалімдерге материалдық жағдайын жасап, төрге шығарғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімдер атынан шексіз алғыс айтамыз. Осы мұғалімдер мәртебесі туралы заң жобасын жасауда басы-қасында болған, сол заңның іске асуын қадағалап отырған министрімізге үлкен алғыс", - дейді ұстаз.

Орынша апай педагогикалық әдеп туралы  сөз қозғап, мұғалімдерді курстан өткізгенде педагог әдебі туралы лекция ұйымдастыру керек шығар деген ойын білдірді.

Былтыр желтоқсанда Орынша Қарабалина-Қазыбаеваның "Ұстаз жүгі - ауыр, қиын, қызық" атты кітабы жарық көрді. Кітап 500 данамен шыққан. Бұл кітапты шығарып берген "Атамұра" корпорациясының президенті Рақымғали Құлмұхамбетке алғыс айтамын", - дейді мұғалім.

"Бұл кітабым мемлекеттік хатшының, министрдің қолына тиді. Қырымбек Елеуұлы жұмыстары шаш-етектен болса да, кітабымды бір жетіде оқып шыққанына қуандым. Шынында да, бұл кітапқа баға бергендер оны "педагогика тірлігіндегі энциклопедия", "педагогикалық көркем әдебиет", "педагогикалық поэма" деп жатыр. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті кітаптың 100 данасын студенттерге алып отыр", - дейді ұстаз. 

Орынша Қарабалина-Қазыбаеваның айтуынша, бұл кітапты жоғары оқу орындары жиі сұрайды, себебі олар болашақ мұғалімдерді дайындайды.

Бұл кітап - жоғары оқу орындарында мұғалім боламын дегендерге таптырмайтын оқу құралы әрі педагогикалық көркем әдебиет. Бұл кітапты зерделеп оқып шыққан адам жақсы мұғалім болады деген ойдамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста