Тесттен құлап ақшаға қайта тапсырғандар грантқа ілінбейді

Тесттен құлап ақшаға қайта тапсырғандар грантқа ілінбейді

Биыл түлектер ҰБТ-ны қатарынан үш рет тапсыра алады. Білім министрлігі сынақтан сүрінгендерге ерекше жеңілдік жасап, бірнеше мүмкіндік бермек. Бірақ, ұлттық тестке қайта қатысқандар мемлекеттік грантқа ілінбейді. Сондай-ақ, биыл ҰБТ соңғы рет ескі тәртіппен өтпек. Келесі жылы түлектер мектеп аттестатын алу үшін бөлек емтихан тапсырады. Ұлттық тестілеудің форматы да түбегейлі өзгереді.
Мектеп түлектері үшін мамыр – нағыз жанталасқа толы ай. Өйткені, небары 20 күннен кейін елімізде ҰБТ басталады. Сондықтан, жоғары оқу орнына түсуге ниетті 100 мыңға жуық оқушы қазір күні-түні бас көтермей, бес пәннен тестке дайындалып жатыр.

Сымбат Сейдазова, №63 мектеп-гимназияның оқушысы:

-Жаңа жылдан бастап репититорға барамын. Биология және математика пәндеріне қатысамын. Әр апта сайын тесттер тапсырамыз. Ең көп житнағаным 113. Ол аздау грантқа түсу үшін.

ҰБТ –үлкен сын. Шәкірттері көш соңында қалмас үшін мұғалімдер қосыла қобалжып жүр. Оқытушылар 11-ші сыныптан күнде тест қабылдайды, қосымша сабақтар өтеді. Бірақ, Білім министрлігі биыл райынан қайтқан. Түлектерге ҰБТ-ны үш рет тапсыруға рұқсат етпек. Яғни, маусымның 2 мен 15 аралығында өтетін сынақтан сүрінгендерден, тамызда қайта тест қабылданады.

Саят Нүсіпов, БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:

-Шекті 50 балл жинай алмаған бітірушілер үшін 2016 жылы тамыз айында кешенді тестті қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылғын. Қайта тапсыру ақылы болады. Оның бағасы 2.242 теңге. Бірақ ол біздің мектеп бітірушілерге ақылы жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді.

Талапкер екінші рет те емтиханнан өте алмаса да, өзі таңдаған университеттің ақылы бөліміне қабылданады. Бірақ, жұрт қатарлы бірінші семестрді оқып шыққан соң, қыста қайта тест тапсыруы тиіс. Оның үстіне биыл ҰБТ соңғы рет ескі тәртіппен өтпекші. Келесі жылы сынақтың форматы түбегейлі өзгереді. Енді талапкерлер емтиханды компьютермен тапсыруы мүмкін.

Саят Нүсіпов, БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:

-Келесі жылдан бастап түлектер аттестат алу үшін мектеп қабырғасында бөлек емтихан тапсырады. Яғни, ҰБТ-ны әркім өз еркімен таңдайды. Ұлттық тестілеу тек жоғары оқу орнына түсу үшін қажет сынақ ретінде қалады.

Тест аудан орталықтарында, ірі қалаларда жоғары оқу орындарында өтеді. Білім министрлігі аудиториялардағы қауіпсіздікті күшейту үшін ұялы телефон байланысын үзетін және металл іздегіш құрылғылар, бейнекамераларды әзірлеп жатыр.

Ал, биыл жоғары оқу орындарына деп 32 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлініпті. Әзірге, бюджеттен қай мамандыққа қаржының көбірек бөлінгені белгісіз. Әр гранттың құны 346 мың теңге екен. Яғни, университеттердегі ақылы білім берудің бағасы осы сомадан аспауы тиіс, - дейді Білім министрлігі. 

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста