Тіл-халықтар достығының алтын кілті!
Тіл - халықтың қазынасы. Тіліміздің даналығы сонау заманнан белгілі. Оған дәлел Махамбеттей атамыздың рухты өлеңі. Неге десеңіз, атамыздың «Арқаның қызыл изені» өлеңі әлемнің ешбір тіліне аударылмаған екен. Қазақстанның белгілі халық әртісі Сәбит Оразбаев атамыз Париж төрінде өткен Махамбет Өтемісұлына арналған мерейтойына барып қайтқанда, барлық аударылған өлеңдері арасында дәл осы өлең ерекше назарына түскен екен. Аудармасы болмағандығының себебін сұрағанда, аудара алмай, қиналғандықтарын жеткізген. Міне, осылайша қазақ тілі сол сәтте ел арасында танымалдылыққа ие болған.
Ал бүгінгінің Махамбеті кім? Жалпы, қазақ тілін әлі де өзге елге танытып жүрміз бе? Қазақ тілі өз елімізде қандай беделге ие? Осы сұрақтардың барлығына 22-ші қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Тіл - халықтар достығының алтын кілті» атты үш тілді іс-шарамызда жауап алынды. Университетіміз тіл мерекесіне арналған іс-шарасында «Қазақ» атын, қазақ тілінің бүгінгі деңгейін ашып, жеткілікті мәлімет берді. Іс-шара 3 тілде өтті. Әрине, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қамтыды. Іс-шараның басы айбынды, рухты сөзбен басталып, ән, би және тілдер достығына байланысты студенттік ойындармен жалғасын тапты. Студенттеріміз жігерлі өлең шумақтарын арнап, кеңінен қолданыстағы ағылшын тілінде өлеңдермен айшықталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының «Шетел филологиясы» мамандығының 1-курс студенттері өзінің тарапынан тыңғылықты жұмыс атқарып, іс-шараға келген көрермендерге тілімізді басқаша қырынан танытты деп білеміз.
Аушенова Айдана, Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университетінің
шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының
оқытушысы