Түлектер слеті мен жұмыс берушілер жәрмеңесі табысты өтті

Түлектер слеті мен жұмыс берушілер жәрмеңесі табысты өтті

Жуырда Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында Қазақ Ұлттық аграрлық университеті «Жастар - нұрлы болашақ бастауы» атты түлектердің слеті мен жұмыс берушілердің ұйымдастырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі табысты өтті.

Тәуелсіз еліміздің бас шаһары – Елордамыз Астана күніне орайластырылған түлектер слетін университет ректоры, академик Есполов Тілектес Исабайұлы құттықтау сөзбен ашып, бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Студенттік өмірмен қош айтысып, үлкен өмірге жолдама іспетті болған диплом алушы түлектерге есімі әлемге әйгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сүлейменов Олжас Омарұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы сынды тұлғалар ақжарма тілектерін айтып, жас мамандардың ел үшін қызмет ететініне сенім білдірді.
Бұл шараның бір ерекшелігі - университет бітіруші түлектер көптен күткен дипломдарын салтанатты түрде көрнекті тұлғалардың қолынан алды. Түлектер слетіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері, республикамыздың аграрлы аймақтарындағы аудан басшылары, еліміздегі ауыл шаруашылығымен айналысатын компаниялар әкімшілігі мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, шаруашылық жетекшілері, аграрлық саланың ғалымдары, өзге де білікті мамандар, білім мен ғылым, мәдениет саласының үздік қызметкерлері мен ардагерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ҚазҰАУ оқытушылары мен студенттері қатысты.
Көптеген бітірушілерге жаңа бос жұмыс орындарын ұсынған жұмыс берушілер жәрмеңкесінен кейін сахна төрінде жалғасқан мерекелік шара барысында университет телестудиясында дайындалған егемен еліміздің кешегісі мен бүгінін баяндайтын, ҚазҰАУ тарихынан сыр шертетін көркемсуретті және  шағын деректі фильм көрсетіліп, түлектерге арнау айтылып, патриоттық әндер шырқалып, рухты серпілтетін жырлар оқылды. Талантты әнші, ҚазҰАУ Мәдениеттану кафедрасының «Дәстүрлі ән» үйірмесінің жетекшісі, Халықаралық байқаулардың лауреаты Қанат Әмірханов түлектерге арнау жырын шырқады. Түлектердің қуанышын бөлісе келгендердің арасында Ескендір, Біржан Хасанғалевтар, Алтынай Жорабаева, Естай Әликеев, Абай Бегей, Алашұлы тобы сынды белгілі эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Мазмұнды концерттік бағдарламамен көмкерілетін мерекелік шарада «Отырар сазы» оркестрі, университет жанынан құрылған «Гүлбану» би ансамблінің, Халық аспаптар оркестрының, «Эстрада» үйірмесінің, әскери  кафедраның талантты студент жастары мен ұстаздар  қауымы ұлттық нақыштағы әсем ән-күй мен әсерлі билерді орындады.
Биыл өзінің 85 жылдық белесіне көтеріліп отырған университет өз тарихында еліміздің ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымына, агроөндіріс саласына елеулі үлес қосқан 140 мыңнан астам мамандар дайындап шығарды. Сонымен қатар, университет түлектері арасында ел даңқын асырған 3 Кеңес Одағының батыры, 35 Социалистік еңбек ері, 80 КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, 12 Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ғылым мен өндірістің ұтқыр ұйымдастырушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әкімдер мен министрлер, аграрлық саланың көрнекті ғалымдары мен өзге де білікті мамандары бар.
Биыл университет қабырғасынан 1150 бакалавр, 400 магистр, 34 докторант түлектер білім алып, жас маман атанып отыр. Оның ішінен – 219-ге жуық бакалавр үздік бітіруде.
Елбасы өзінің «Қазақстан─2050» Стратегиялық Жолдауында «Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Сендер Тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер.Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар» деп жастар елдің болашағы екенін атап көрсеткен болатын. Ендеше, аграрлы университет түлектері келешекте ауылдарымызды көркейтіп, ел экономикасын өркендетуге ат салысатын білікті маманға айналатынына сенім білдірейік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста