Түркістанда "әлімжеттік жасаған" оқушылардың ісі сотта қарала бастады

Түркістанда "әлімжеттік жасаған" оқушылардың ісі сотта қарала бастады

15 сәуірде Түркістандағы Түркістан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талғат Бигелдинов атындағы мектептің 9-сыныптағы үш оқушысына "әлімжеттік жасаған" қаладағы өзге үш мектеп оқушыларының ісін қарай бастады.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іс көшпелі сот отырысы негізінде 18-мектептің акт залында қарала бастаған.

Іс бойынша кәмелетке толмаған төрт оқушы Қылмыстық кодекстің бұзақылық бабымен айыпталған. Айыпталушылар кәмелет жасқа толмағандықтан олардың аты-жөні жарияланбайды.

"Айыпталушылар Түркістан қаласында адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы бұзақылық жасаған. Кәмелет жасына толмаған жәбірленушілерге күш қолданған" деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметінше, мектеп оқушылары әлімжеттікке биыл 18 қаңтарда күні ұшыраған.

21 қаңтарда интернетте түркістандық мектеп оқушыларының үш балаға әлімжеттік жасап, оларды ұрып-соғып, "темекімен күйдіреміз" деп қорқытып жатқаны бейнеленген видео тараған. Ертеңінде ішкі істер министрлігінің өкілі төбелеске қатысушылардың бәрін анықтағандарын жариялады.

Жыл басында Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, әлімжеттік жасау оқиғалары жиілеген. Қаңтар айында әлеуметтік желілерде Түркістан, Қызылорда және Қарағанды қалаларында оқушылардың әлімжеттігі туралы бірнеше видео тараған. Ақтөбеде екі мектептің оқушылары төбелесіп, жоғары сыныптың бір оқушысы пышақтан жарақатынан қайтыс болған.

azattyq.org 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста