Түсініксіз басылған 4-сынып оқулығы ата-аналардың ашуын тудырды

Түсініксіз басылған 4-сынып оқулығы ата-аналардың ашуын тудырды

Оқулыққа қатысты дау тағы да жұрттың ашуын тудырды. Бұл жолы 4-сынып оқушыларына арналған әдебиеттік оқу хрестоматия пәнінің кітабын басып шығарғандар жұрт назарына ілінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Түсініксіз басылған кітапты оқушының әкесі видеоға түсіріп алған. Оның айтуынша, бұл оқулықты баласына мектеп берген. Оқулықты "Алматы" баспасы шығарған. Жап-жаңа кітап 16-беттен кейін бірден 89-бетке бір-ақ өтеді.

 

Бейнежазба ТікТок желісінде жарияланды.

 

"16-бетте Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерлігі туралы жазылған болса, одан кейін ары қарай бірден 89-бетке бір-ақ түсеміз. Сосын 90,91,92 деп жалғасып, 100-бетке келгенде мұнда кітап мазмұны жазылған. 102-бетте оқулық бітеді. Сосын 36-беттен бастап жалғасады. Қалай құрастырылған кітап бұл? Кім түсіндіріп береді? Сұмдық қой... Өзі жап-жаңа оқулық. Шамасы карантин кезінде шыққан-ау", — дейді ер кісі.

 

 

Видеоны көрген желі қолданушылары бұл кітапты қызу талқылап жатыр.

 

"Жауаптылар қайда қарап отыр?", "Енді ол бетті іздеп табу да — өнер, бала ізденсін, дамысын деген шығар", "Масқара, қалай-қалай басқан?", "Кітаптарда мұндай сөзден, есептен, құрастырудан қателер көп. Өкінішті", "Сұмдық қой мынау", "Ортасын жемқорлар жеп қойған ғой", "Ұятын-ай", "Баспадағылар ішіп отырып басқан ба?", "Білім министрі не қарап отыр?", "Қысқасы, кітапты өзіңіз қайтадан реттейсіз-ау, әйтпесе балаңыздың миы ашиды" деп жазды желі қолданушылары.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста