ҰБТ 2022: Биылғы жылдың талапкерлеріне қай мамандықтың грантына түсу оңайырақ болады?

ҰБТ 2022: Биылғы жылдың талапкерлеріне қай мамандықтың грантына түсу оңайырақ болады?

Биылғы жылдың негізгі ҰБТ кезеңі аяқталып, түлектер білімдерін одан әрі жетілдіру үшін жоғары оқу орындары мен қалауындағы мамандықтарды таңдауға кірісті. Бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімін жариялаған. Соған сәйкес Stan.kz агенттігі назарларыңызға грантына ие болуға болатын ең қолжетімді мамандық пен гранты жоғары баллды қажет ететін мамандықтар тізімін ұсынады.

ҰБТ-ның қысқаша статистикасы

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ағымдағы жылы республика бойынша 154 мың талапкер ҰБТ тапсырған. Оның ішінде түлектердің 76 пайызына жуығы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде ал 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өткен. 

Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинаса, орташа көрсеткіш 66 баллды құраған. Ал ең жоғары балл – 139.

Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 327 талапкер тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылса, тестілеу уақытында ережені бұзғаны үшін 322 талапкер аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған.

Қай мамандықтың грантына түсу оңай?

Биылғы бакалаврға бөлінген гранттар тізімі бойынша машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салаларына арналған мамандықтарға 17 794 грант бөлінген. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, математика-физика пәндерінің комбинациясы аясында бұл мамандықтарға 76-89 балл арқылы грантқа қол жеткізу мүмкіндігі болса, ең төменгі 50-69 баллды жинау арқылы да грант иелену бәсі басым.

Келесі сатыда педагогика мамандығы тұрады. Биылғы жылы бұл мамандыққа 10 810 грант бөлінген. ҰБТ нәтижесі бойынша 76-89 балл арқылы бұл мамандықтың грантына ие болуға болады. Ал ең төменгі балл көрсеткіші – 70-75 балл.

Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, жаратылыстану, математика және статистика пәндері бойынша 6288 грант бөлінген. Бұл пәндерді таңдау арқылы финансист, программист, аналитик, архитектор, синоптик және т.б. мамандықтарға 90-109 балл жинау арқылы грантқа қол жеткізуге болады. Сонымен қатар грант иелену үшін ең төменгі балл 70-75 баллды құрайды.

Сондай-ақ биылғы жылы қызмет көрсету саласына 52 141 грант бөлінген. География-шет тілі пәнін таңдау арқылы биылғы жылдың бейіндік пәндер комбинациясы аясында 90-109 балл арқылы грантқа қол жеткізуге болады. Ал ең төменгі балл көрсеткіші 50-69 балл.

Алайда барлық мамандықтың грантына ие болу оңай деп ойлау қате. Мәселен, бизнес, менеджмент және құқық мамандығына математика-география бейіндік пәндерін таңдау арқылы грантта оқу үшін ең аз дегенде 110-129 балл жинаған дұрыс. Осындай көрсеткіш болғанда грантқа қол жеткізу мүмкіндігі айқындала түседі. Ал ең төменгі балл көрсеткіші шамамен – 76-89 балл.

Сондай-ақ биылғы оқу жылының қарсаңында ветеринария мамандығының бакалаврына 925 грант бөлінген. Бұл мамандықтың грантына ие болу үшін биология-химия бейіндік пәнінің комбинациясы аясында 130-139 балл жинаған абзал. Ал ең төменгі балл көрсеткіші – 76-89 балл.

Сонымен қатар биылғы жылы әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат мамандығына 960 грант бөлінген. Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, бұл мамандықтың грантына айқын иелік ету үшін 110-129 балл жинаған дұрыс. Және бұл мамандықтар бойынша қосымша шығармашылық емтихан өткізілетіндіктен 90-109 балл жинаған түлектердің де мүмкіншілігі болады.

Ал шығармашылық емтихан бойынша орташа балл көрсеткіші биылғы жылы 30-34 баллға тең және ең төменгі көрсеткіш – 10-19 балл.

2022-2023 оқу жылына арналған мамандықтар бойынша гранттар тізімімен мына жерде таныса аласыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста