Үлгерімі төмен студенттерге де стипендия беріледі - БҒМ

Үлгерімі төмен студенттерге де стипендия беріледі - БҒМ

2017 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес кәсіптік және теxникалық білім тегін берілетін болады. Жұмысшы мамандығында оқитын 21 мың студент үшін республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінеді.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Баршаға арналған ақысыз теxникалық және кәсіптік оқу, дуальді оқытуды енгізу» атты жиында ҚР Білім және ғылым министрлігі Теxникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысының орынбасары Ернат Жүнісов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2017 жылға республикалық бюджеттен 21 мың маманға 5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы олардың тегін білім алуына, тегін тамақпен қамтамасыз етулеріне жұмсалады. Тамақтанатын студенттердің саны - 90 мың. Жалпы қазіргі кезде 97 мың адам жұмысшы мамандығы бойынша білім алады. Жұмысшы мамандықтарын толықтай тегін оқыту 2017 жылдың 1 қыркүйегінен басталады»,- дейді Ернат Жүнісов.

Айта кетейік, елімізде 807 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 462-сі мемлекеттік. Оның 20 %-ы ауылдық жерде орналасқан. ТжКБ-да 43 112 инженер-педагог қызметкер жұмыс істейді. Кадрлар даярлау 183 мамандық және 465 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық-инновациялық дамудың басым жобаларын іске асыру үшін 10 базалық колледж айқындалған.
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста