Ұлы дала құндылықтарына негізделген тәрбие:  «ЖЕТІ АТА – тәрбиенің алтын өзегі!»

Ұлы дала құндылықтарына негізделген тәрбие:   «ЖЕТІ АТА – тәрбиенің алтын өзегі!»

«Жеті атасын білмеген жетесіз...» осы ұғымның астарында талай тәрбиелік мәні бар ұғым жатыр.

Жеті атасын білу Қазақ халқының еншісіне берілген ұлы қасиет, басқа ұлттарда жоқ теңдессіз қағида, жазылмаған ұлы дала заңы. Бәріміз білетін мәлімет, жеті атадан кейін ғана қан толық тазарады. Қан тазармай тұрмыс құрылған жағдайда балалар әр түрлі кемшіліктермен туылады. Бабаларымыз осы заңдылықтарды сол кезден бастап білген және бізге мирас еткен. Ата дәстүр салтымызға үңілер болсақ, бала тәрбиесінің ең бір ғажайып бағытының бірі, ес білген жеткіншекке толыққанды ата-бабасын таныстыру болған екен. Қазіргі таңда осы бір үрдіс, ұрпақтан ұрпаққа үлгі болар болмыс мейлінше кенжелеп барады. Жеті атасы емес, өз атасының кім болғанын да білмей өсіп жатқан балаларға қарап «Қарнымыздың ашары» шындық. Тіпті кейбір ата-аналардың бұл тақырыпта ұрпағымен сөйлесіп отырар уақыттары да болмай жататындығына көз жеткізіп жүрміз.

Жеті атасын білмей өскен ұрпақ неден айырылады? Өте күрделі, әрі жүрегіңнің түкпіріндегі ойды қозғайтын сұрақ. Жеті атасын білмей өскен адам барынан айырылды десек артық айтқандық болмайды. Себебі ол өзінің кім екенін мүлде білмейтін болады. Ондай адам өзегін алып тастаған қурай сияқты болмақ. Өзегі жоқ өсімдік аз уақыттың ішінде толықтай қурайды, қураған нәрсе еш уақыт қайта көгермейді.

Жеті атасы туралы мағлұмат алған перзент үлкен күштің иесі болмақ. Өйткені ол тек өзінің ғана емес барша ұлтының өткенін білетін болады. Себебі, барша бабалардың өмір сүрген кезеңдерімен танысып өседі. Кез-келген азамат өзінің өткенін білмей, қазіргісін нақтылай алмайды, болашаққа жол салмайды. Адам баласы өткен өмірде қандай тарих жатқанына бой жүгіртпей өзінің болмысын анықтай алмайды. Кімнің ұрпағы екендігінен де мақұрым болады. Осылай өскен адам қазіргі таңда қандай бағытта өмір кешу керектігінен қиналады және қатты адасады. Тіпті жар таңдауының өзі лайықты дұрыс нәтиже бермейді. Себебі, осы тұста «Әкеге қарап ұл өсер!», «Анасын көріп қызын ал!» деген қағидалар дәлелдеуді қажет етпейтін «Аксиома» іспетте болып тұрады. Нақтылап айтар болсақ, танысқан қыздың әкесі, болмаса анасы қандас адамдардан болуы әбден мүмкін, себебі сен жеті атаңды білмейсің.Осы бір тұста мына бір оқиғаға мән беріп кетсек.

 Қазақ тілі сабағында мұғалім оқушыларға үйден жеті аталарын біліп келуді тапсырады. Келесі сабақта бір оқушы

-Ағай, менің әкем жетесіз екен.

-Неге?

-Ол жеті атасын білмейді екен. Маған да түсіндіріп бере алмады.

Ия. Ащы да болса шындық. Ұрпағымыздың алдында, ол ұрпақ өз ұрпағының алдында «жетесіз» болмасын десек жеті атаны білу, кейінгіге үйрету үлкен парыз.

Жеті атаны білудің баланы азамат ретінде тәрбиелеудегі орны ерекше. Жеті атасын білген бала, ата-бабаларының өмір тарихына көз жүгіртеді, болмысымен танысады. Өмір сүрген кезеңінде нақты кім болғанын мейлінше кең көлемде білетін болады. Қазақ Халқының болмысында қарапайым адамдар өте сирек болған. Әрбір жеті аталық шежіреде кем дегенде бір танымал тұлға анықталары сөзсіз. Жеті атаның ішінде батыр, ақын, жазушы, би, болыс, хан тағы басқа да ұлы тұлғалардың өмір сүргендігінен толық мағлұмат алу мүмкіндігі бар. Осындай ұлы тұлғалардың ең болмағанда біреуі бабалар санатынан кездесер болса, соны танып білген ұрпақ ерекше сезімде болады. Сол атасы туралы көбірек мағлұматтар іздей бастайды. Осы кісінің ерлік істерін өзіне мысалға алуды әдетке айналдырады, өзгелермен салыстыру арқылы өз бойынан тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Ұлылықпен өмір сүрген ұлы бабаларын таныған сайын, сондай атаның қан түйіршігі өз тамырында ағып жатқандығын сезінеді. Өзінің сол атаның ұрпағы екендігін мақтан тұту арқылы, ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігі мен мейірбандығы арта түседі. Өйткені ішкі дүниесінде осының бәрін менің ата-бабам біздерге мирас еткен, мен де келер ұрпаққа жеткізуім керек деген жауапкершілік қалыптасады. Ең бастысы, осындай тұлғалар ұрпақ өмірінде арқа сүйер мысалына айналады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жеті атасын таныған азамат ата-баба әруағына кір келтірмеуді өмір заңдылығына айналдырады.

«Жетесіз ұрпақ, жетесіз әке» деген лағнеттерден сақтасын. Ұрпағымыз ұлағатты, елдің елдігі мен ерлігі жолында аянбай қызмет істесін десек, Жеті атасын танытып өсірейік.

 

 Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы

Алматы телекоммуникация және

машина жасау колледжінің директоры

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста