Университет жеңімпаздарға сәйгүлік мінгізіп қошемет көрсетті

Университет жеңімпаздарға сәйгүлік мінгізіп қошемет көрсетті

8 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Индонезияның Джакарта қаласында өткен «Азиада-2018» ойындарының жеңімпаздары Дидар Хамза мен Бағлан Ибрагимовпен салтанатты кездесу шарасы өтті.
Университет президенті Болатбек Абдрасилов, І вице-президент м.а. Пусат Пилтен Азия біріншілігінде ел намысын қорғап, алтыннан алқа таққан қос батырды құттықтап, оқу орны ұжымы атынан қос сәйгүлік мінгізді.


«ХVIII Азия ойындарында екі бірдей студентіміздің Қазақ елінің мақтанышы бола білгені – біз үшін зор мәртебе! Арыстандай айбатты спортшылардың ерліктеріне алғысымды айтқым келеді. Намысты қолдан бермеген жеңімпаздарға алдағы уақытта да үлкен жеңістер, жетістіктер тілеймін!» - деді университет президенті.


Жеңімпаз палуандар өз кезегінде осы сапарға ақ батасын беріп шығарып салған университет президенті Болатбек Серікбайұлына, ерекше құрметпен қарсы алған жанкүйерлерге, қошемет көрсетуші жастарға және аламан додаға дайындаған бапкерлеріне алғыс білдірді. Орайы келгенде айта кету керек, Дидар Хамзаны баптаған бапкер, әкесі Түркістан облысы «Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер Спорт мектебінің» жаттықтырушысы М.Файзиев болса, Бағлан Ибрагимовтің бапкері Жақыпбек Қасымбеков.
Қазақ елінің атағын шығарған Дидар Хамза мен Бағлан Ибрагимов Отанымыздың айбарлары. Сондықтан қос оғланның құрметіне дәл осы күні Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Денсаулық фестивалі - 2018» акциясы ұйымдастырылып, ондағы шерудің шебін Азия чемпионы Дидар Хамза бастағанын айта кеткеніміз жөн.
Ақпарат орталығы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста