Ұстаздар байқауы мәресіне жетті

Астана қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш қазақ сыныптары арасында «Ұстаздық еткен жалықпас» атты байқау мәресіне жетті, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұстаздар байқауы екі кезеңнен құралып, бірінші сынақ сыртай өткізілді. Байқауға қатысуға ниет білдірген жас мамандар бұл сында эссе жазды. Бұған қала бойынша 45 жас маман қатысып, соның жиырмасы келесі кезеңге өтті. Мұнда мұғалімдер «Шығармашыл ету баланы, бүгінгі күннің талабы» атты тақырыпта өз шығармашылығын көрсетті.
Байқау қортындысы бойынша барлық қатысушы жас мамандардың жазған эсселері бойынша жинақ шығарылып, барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Байқаудың қорытындысы бойынша І орынға №70 мектеп-лицейінің жас маманы Әбілезов Марс Сапарұлы, ІІ орынға №4 мектеп-гимназияның жас маманы Рахимкулова Дамира Асқарқызы және №66 мектеп-лицейінің жас маманы Жүкешбаева Жанна Өнербекқызы тұрақтады. ІІІ орынға №50 мектеп-лицейінің жас маманы Найманбаева Баянсұлу, №№52 мектеп-гимназиясының жас маманы Қалмурзина Гүлзат Қобыландықызы және №74 мектеп-гимназияның жас маманы Дүйсенова Үміт Көпбосынқызы ие болды.





