Ұстаздар бір-бірін «ханым», «мырза» деп атағаны жөн – ғалымдар

Ұстаздар бір-бірін «ханым», «мырза» деп атағаны жөн – ғалымдар

Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының ғалымдары осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Бұл сыпайылықтың, мәдениеттің көрсеткіші. Жалпы үлкен тұрмақ, кішінің есімін атай қоймайтын қазақ үшін мұндай атаудың жаттығы да бола қоймас. Әдет-ғұрпымыз да осылай деп тұрған жоқ па?!

 

Жазғы демалыстан оралған Гүлшара Кәдіржанқызына әріптестері сәлем бере келіпті. Ұжымға сыйлы ұстаздың бірі «апай» деп аяласа, енді бірі «ұстазым» деп құрметтейді. 40 жылдық тәжірибесі бар педагог осындай сыйластыққа дән риза.

 

Гүлшара Дүйсенова, ардагер ұстаз:

 

- Жастардың ойын білу біз үшін осыншалықты қиын емес, өйткені оқушылар бар, оның сыртында немерелеріміз бар. Мен олардан да қалай атар едің деп немеремнен сұрасам, «Әже, арасында үлкен айырмашылық бар ғой, ұстазға аты-жөнімен атаған бізге жараспайды деп. Сондықтан мен өзім «ұстазым» деген атауды жақсы көремін және солай деп атаса деп ойлаймын. 

 

Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының ғалымдары ұстаздар бір-бірін «ханым», «мырза» деп атауы керек деген тұжырымға келген. Себебі мұғалімдер арасындағы сыйластық оқушы мен ата-анаға ой салады, тіпті үлгі болады. Мұндай ұсыныс әдістемелік нұсқаулық хатқа енгізілген.

 

Ғани Бейсембаев, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының президенті:

 

– Штаттық режимге келген кезде мұғалімдер де басқа ғой, ұстаздар қайтадан мектепке жиналған кезде бір-бірімен тілдесуді жақсарту үшін, психологиялық ахуалды жақсарту үшін мұғалімдердің бір-біріне «ханым», «мырза» деп атауы мамандармен, қалың көпшілікпен ұсынылған дүние. «Ханым» немесе «мырза» деген сөздің сөкеттігі жоқ екені бесенеден белгілі. 

 

Бір жарым жылдай қашықтан білім беріп келген мұғалімдер мен оқушылар жаңа оқу жылын мектепте қарсы алуға тиіс. Ғалымдар мұндай ұзақ үзілістен соң жаңаша қарым-қатынас та ұстаздардың көңіл күйін көтеріп, жұмысқа жаңа серпін береріне сенімді.

 

Жақсы сөз - жарым ырыс. Үлкендері тұрмақ кішісіне құрметпен қарап, еркелетіп атайтын қазақ үшін бұл ұсыныс бір жағынан таңсық та емес.

 

Мамандар бұл тіпті мұғалімнің беделін арттыра түседі деген пікірде.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста