Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

Қазан айының бірінші жексенбісі еліміздегі ұлы мамандық иелерінің кәсіби меркесі. Әріп үйретіп, барша адамзатқа білім нәрін сіңірген, әлемге сауаттылық нұрын шашып келе жатқан ұстаздар мерекесі. Бұл күні біздің әрқайсысымыз өз ұстаздарымызды, өмірдегі тәлімгерлерімізді құттықтап оларға лайықты көңіл бөлуге мүмкіндігіміз бар. Тіпті солардың берген білімінің арқасында бүгінгі күні әрқайсымыз нан тауып жеп жүрміз.
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. (Ж.Ж.Руссо) деген сөз бар. Өз уақытын аямай, шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерімді құттықтаймын. Ұстаз болу - біздің қоғамдағы ең құрметті және абыройлы мамандық саналады әлбетте. Мемлекет те соңғы жылдары осы мамандыққа баса мән беріп, мағынасын арттыруда. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ел ісін түзеуді білім беру ісін түзеуден бастау керек» дейтіні бар. Яғни, білім беру жүйесі мықты болса, мемлекеттің де болашағы баянды болады. Ал, білім беру саласының сан – салалы қыр – сыры білікті ұстаздардың қолында. Осынау абыройлы мамандық иелерін мерекелерімен құттықтап, Тәуелсіз қазақ елінің дамуына аянбай өз үлестерін қосып жүре беруді тілеймін!
Кенжебаева Жарқынгүл





