WhatsApp қандай смартфондарда істемейді?

WhatsApp мессенджері енді аты аңызға айналған iPhone 4s брендті смартфонында істемейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
РИА Новости дерегіне сүйенсек, соңғы жаңартылымда мессенджер бағдарламаушылары iOS 9 нұсқасындағы қолдауды алып тастады.
2011 жылы шыққан iPhone 4S үшін IOS 9 нұсқасы соңғы жаңартылым болды.
Мәліметтер бойынша, WhatsApp 2.21.50-де талаптар тек Apple өнімдеріне ғана өзгермеген. Енді бағдарлама кем дегенде Android 4.0.3 немесе KaiOS 2.5.1 жаңартуларында қолжетімді болады.
IPhone 4s иелеріне чаттар мен хаттарды WhatsApp істен шыққанға дейін сақтап алуға кеңес беріледі.
Stan.kz
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу