Халықаралық турнирде ҚазҰУ құрамасы қола жүлдені қанжығалады

2017 жылы 13 және 17 маусым аралығында Гонконг политехникалық университетінде жоғары оқу орындары арасындабаскетболдан халықаралық турнир өтті. Ақтық сайыста Азияның 8 мемлекетінің командасы додаға түсті.
Алғашқы кездесуде ҚазҰУ құрамасы Тайвань ұлттық ғылым мен технология университетінен 79:80 есебімен жеңіліс тапса, келесі екі ойында69:49 және 75:59 есебімен Оңтүстік Қытай технологиялық және Макао университетіненбасым түсіп, жеңіске жетті.
Үшінші орын үшін таласқан матчта біздің құрама 97:53 есебіменНаньян технологиялық университетінен алға шығып, қола жүлдені қанжығалады.
Атап өту керек, жаттықтырушы Балауса Алпысбаева жетекшілік ететін ҚазҰУ командасының құрамынаҰлықбек Болатов, Жалғасбек Қадыр, Данияр Естемір, Русла Айтқали, Темірлан Жүнісов, Атай Жансын Алтун, Вадим Коржов, Александр Данильченко, Никита Тимофеев, Андрей Литвиненко, Дінмұхамед Шоғанбеков кіреді.
Біз спортшыларды шын жүректен құттықтап, бағындырар белестері көп болсын деп тілейміз!





