Заманымыз тарылса да, ниетіміз тарылмасын

Заманымыз тарылса да, ниетіміз  тарылмасын

«Қыстың көзі қырауда» демекші мына тапшылық заманы әротбасына өзінің суық ызғарын тигізбей қоймасы анық.Елімізде әлеуметтік жағдайы нашар және белгілі бір себептермен шұғыл түрде көмек қажет ететін отбасылар ортамызда жиі кездесіп жатады. Осы орайда республика көлемінде дәстүрлі түрде 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы өтілетінін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Акцияға қоғамның назарын аудару,қайырымдылық қызметін жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласы Алатау ауданы Ақбұлақ елді мекеніне қарасты И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББ мектепте игі іс- шаралар өткізу дәстүрге айналған.Бұл акцияның мақсаты: күнкөрісі төмен,көпбалалы және тұрмысы қолайсыз ,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа да санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету,оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу,сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің,аяқ киімдерінің,мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.Осы алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мектеп ұжымының жауапкершілігінде екені хақ.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші қайрымдылық акцияларына бірден-бір қол ұшын беретін, үнемі қамқорлық танытатын «Тепло РОСС» АҚ ұжымына мектеп ұжымы мен ата-аналардың алғысы шексіз.Осы акцияда «Тепло РОСС» АҚ ұжымы мектептің 10 оқушысына материлдық көмек көрсетті.Әрбір оқушыны қыстық киімдермен ( аяқ киім,жылы шалбар ,кеудеше) қамтамасыз етті.Шамамен әр оқушыға 49 200 теңге жұмсалды.Мектеп асханасының арендаторы Абжаканов Жандос мырза акцияға демеушілік танытып, аз қамтылған отбасынан шыққан 5 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз ететінін айтты.
«Болашақ ұрпақты дені сау, білімді етіп тәрбиелеу-бәрімізге ортақ іс»,-деп білемін.

З.К.Жақашбаева
№154 ЖББМ қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста