Жамбылда салтанаттпен ашылған мектепте бірде-бір бала оқымайды

Жамбылда салтанаттпен ашылған мектепте бірде-бір бала оқымайды

2025 жылға дейін мың мектеп салу жоспары науқанға айналғандай. Жолдауда айтқан президент тапсырмасын орындағандай кейіп танытқан кей өңірлерде білім ұялары тек көз бояушылықпен ашылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

 Мәселен, Жамбыл облысында бірінші қыркүйек күні салтанатты түрде лентасы қиылған мектепте бүгінде бір де бір оқушы жоқ. Өйткені санда бар да санатта жоқ мектеп бала қабылдауға қауқарсыз.

 

Шары ілініп, шатырлар қойылып білім күніне әсем безендірілген мектеп лентасы 1-ші қыркүйекте қиылды. Ашылу салтанатына келген меймандар төрінде облыстық мәслихат хатшысы, қала әкімі, білім басқармасының басшылары болған. Сөз алғандар бұл қуаныш президент жолдауында айтылған жоспардың жемісі екенін жеткізіп жатты. 

 

Оқу ұясы биыл ғана бой көтерген. Келген меймандар тебірене сөйлеп оқушыларды ынталы болуға, оқығанды көңілге тоқуға әдемі сөзбен әспеттеп жеткізіп жатты.

 

МАХМЕТҒАЛИ САРЫБЕКОВ, Жамбыл облыстық мәслихат хатшысы:

 

– Осы мектепті аралап шықтым. Керемет мектеп 600 орындық. 4 компьютерлік класы бар. Шеберханасы бар. Спорт залы бар. Кітапханасы бар. Балаларға барлық жағдай жасалған.

 

Бірақ мектеп мақтауын келістірген мәслихат хатшысы біраз шындықты бүгіп қалыпты. Шын мәнісінде оқу ұясы бала қабылдауға қауқарсыз. Ал мұндағы жиын әдімі қойылым екен. Тек көріністі әртістер емес өзге мектептің оқушылары мен мұғалімдері шебер сомдап шыққан. Бүгінде мұнда бірде бір бала қабылданбаған. Тіпті оқу ұясы білім басқармасының қарамағына өтпеген. Жақын тұрған нөмірі 50-ші мектептің мұғалімдері мен оқушылары шақыртылған. Бұл мәселені мектеп директоры түсіндіріп бере алмады.

 

ҚАРЛЫҒАШ ҚАСЫМБАЕВА, Тараз қаласы №50 орта мектеп директоры:

 

– Неге 61 мектепке барып балалар оқып жатыр дейді. Бірінші сентябрде ашылды. Пока мұғалімдердің конкурсы болғанша. Ойбай оны айтуға я же не умею право. Қазір мен бір минут сөйлесіп алайыншы. Ойымды жинақтап алайын.

 

Қарамағындағы мұғалімдердің басқа мектепке неге барғанын түсіндіруге тырысқан директор не айтарын білмеді. Камера алдына шығу үшін қалыпқа келіп алайын деп сыртқа шығып, тілшілермен тығылыспақ ойнап кетті. Ал балаларымыз жақын жерден жаңа мектепке барады деген Қайнар алқабының тұрғындары бұл алдамшы қойылымға алданып қалғандарын айтады.

 

ӘСЕЛ ИГІЛІКОВА, Ата-ана:

 

– Бұл жерде жауапкершілік жоқта. Ашылуын ашып алып халықты алдау шығар? Басқа не енді бұл. Осы дачаға ашылған екен мектеп. Бірақ ашылды дегенімен толықтай бармаса не енді бұл?

 

Қазір бұл мектеп су, жарық жүйесіне жалғанбаған. Тіпті қабылданып алынбаған. Бірақ жергілікті биліктің бітпеген мектепті неге күн бұрын сүйіншілеп ашқаны түсініксіз. Өтірігі ашылғанға беті қызарды ма, білім басқармасынан ешкім жауап бере алмады. Әкімдік те ат тонын ала қашты. Ал тұрғындар жергілікті биліктің бұл әрекетін жоғары жаққа жағыну үшін жасаған жағдайы ма дейді. Қалай болғанда да Жамбылдық атқамінерлер осылайша көзбояшылықтың асқан үлгісін танытқан.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста