Заңгер: Мектепте «Құқықтану» пәнін 7-сыныптан бастап оқыту керек

Заңгер: Мектепте «Құқықтану» пәнін 7-сыныптан бастап оқыту керек

Алматы облысының Текелі қаласында қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан үш оқушының ісіне алаңдаушылық білдірген танымал заңгер Айгүл Орынбек ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың көбейіп кетуі, олардың өз құқықтарын нақты білмеуінен деген заңгер, бұл олқылықтың алдын алу үшін мектеп бағдарламасындағы «Құқықтану» пәнін 10-шы сыныптан емес, 7-сыныптан бастап оқыту керек дейді.

«Білім Министрлігі Ерлан Сағадиев мырзаға ұсыныс!

Болмайтын реформалар енгізе бергенше, балаларға пайдасы тиетін жүйелер енгізу керек. Мектепте "Құқықтану " пəнінін 10 сыныптан бастап емес, 7-ші сыныптан бастап енгізуді ұсынамын. Өйткені жасөспірім жастар өз құқықтарын, заң бұзушылықтарды білмеген соң, елімізде жастар арасындағы қылмыстық істер өте көп. Соны алдын алу үшін жастар заң бұзушылықтарды да өз құқығын қорғай да білу керек.

Оған мысалы ретінде мына Текелі қаласындағы үш жасөспірім балалардың оқиғасын алу керек. 15 жасар балалар өз құқықтарын білмеген соң ауыр қылмыспен айыпталып отыр. Текелі қаласының Балалардың құқығын қорғау бөлімі қайда қарап отырғанын бір құдай білсін! Ал Текелі қаласының Білім бөлім басшысы неге телеарналарға шығасыңдар деп ұрысқан көрінеді. Сонда бала жақсы оқыса ғана керек, басына іс түскен кезде баладан безетін болса, балалар болашақта кімге арқа сүйейді?» - дейді Айгүл Орынбек.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста