Жас мамандарға сұраныс көп

Жас мамандарға сұраныс көп

«Жастар практикасы» - арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі бірден-бір жол. Оқу орындарының түлектерін еңбек нарығындағы бәскеге қабілеттілігін арттырудағы «жастар практикасы» бағдарламасы жұмыспен қамту органдарымен ойдағыдай қолданылып келеді. Тиімді бағдарлама жас түлектерге, олар алған мамандық бойынша практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді және оларға келешекте тұрақты жұмыс орындарына орналасу үшін зор перспективаларға жол ашады, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар мен шектеулер де жоқ емес. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылатын жобаға 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Сондай-ақ, мұндай құқылылар қатарында балалар үйінің тәрбиеленушілері, тұл жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар мен 2013-2015 оқу жылдарының түлектері де бар. Өткен жылы «Жастар практикасының» жұмыс жасауына мемлекеттік бюджеттен 114,4 миллион қаржы бөлінсе, биыл 474,171 миллион қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, «Жастар практикасына» қатысушылардың айлық жалақылары мамандықтарына қарамастан бірдей мөлшерде бөлінеді. Өткен жылы жастардың айлық жалақысы 35 676 теңге болса, биыл әр азаматтың айлығы 38 178 теңгені құрап отыр.
Мақтаға бай Мақтарал ауданында "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша жоспар 500 адамға жоспарланған. Бекітілген жоспарға сәйкес 128 жұмыс беруші мекемелермен келісім шартқа тұрып, 302 адам жастар практикасына жолданып, жоспар 60,4% -ға орындалған. Республикалық бюджеттен бөлінген 114,534 млн.теңгені құраса, игерілген қаржы 11,356 млн. теңгені құрап, екі айлық жоспар 99,2%-ға орындалған. Деректер қорында бар жұмыс орындарына жылдық жоспар 3946 болса, 2 айдағы жоспардың орындалуы бойынша 257 адамға жолдама беру арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылған (орындалуы 57,1%). Мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламалар бойынша жоспар 473 адамды жұмыспен қамту болса, 2 айдың қортындысы бойынша 24 адам жұмыспен қамтылды (2 айлық жоспар 20 адам, орындалуы 120%). Қайта даярлау оқу курсына 2016 жылға жұмыс беруші мекеменің сұранысына сәйкес 45 адамды жолдау жоспарлануда. Оның электрик мамандығы бойынша 20 адам, мақта сортын анықтау бойынша лаборант 25 адамы маусым айынан бастап оқуға жолданып жатыр.

rgmedia.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста