Жетістіктер жайы сөз болған семинар

Жетістіктер жайы сөз болған семинар

Жетістіктер жайы сөз болған семинар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Шетелдік аудиторияда пәндерді оқытудың қазіргі әдістемесіндегі дәстүрлер мен жаңалықтар» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін оқытушы алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі керек. Бұл тұста педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет. Мұндай кәсібилікке бірден бір себеп болатын орта - кафедра. Осы уақытқа дейін Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ғылыми базасы дамып, қасиетті қарашаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатты. Бұл ғылыми-әдістемелік семинар кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.
Мазмұнды шараға Қазақстан Республикасының Алматы қаласы, Тараз қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы университеттерінен білікті де білгір мамандар қатысты.
«Бұл кафедра шетелдік жастарды тәрбиелеуде өте жоғары маңызға ие. Шетелдік азаматтарды қалай оқыту керек, студент бойына қандай қасиеттерді сіңіріп, нені үйретуді басты назарға ұстаған жөн деген сияқты тәрбие сауалдарына жауап беретін бірден бір орта. Ұзақ жылдар бойы кафедрада педагогика саласында білікті мамандар даярлап, республикалық, әлемдік деңгейде ғалымдар қалыптастырды. Бұл кафедра тәрбие саласына аса мән беруімен құнды”, – деп пікір білдірген шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ихсанғалиева Гүлнара Қуанышқызы аталмыш кафедраның педагогика саласындағы зор еңбектерін ерекше мақтанышпен айтты.
Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар көптеген ауқымды тақырыптарды қамтыды. Семинарға қатысушылар рет-ретімен түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Баяндамашылар туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Педагогтар жиын барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, мастер-класс көрсетіп, ой-пікір алмасты. Семинар соңында қатысушыларға сертификат тапсырылды.

А.Е. Саденова., Г.Қ. Ихсанғалиева., Л.С. Торохтий
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім
беру дайындығы кафедрасының
оқытушылары
 alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста