ЖОО басшылары пайда табу үшін ғана әскери кафедра ашады

ЖОО басшылары пайда табу үшін ғана әскери кафедра ашады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Қорғаныс министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың құрамы мен құрылымын оңтайландыру туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Сенатордың айтуынша, елімізде қосымша табыс табу үшін әскери кафедра ашатын жоғары оқу орындары көбейіп барады. Кейінгі 6 жылда 11 оқу орнында әскери кафедра ашылған болып шықты. Қазір еліміздің ЖОО-да тегін және ақылы негізде жүргізілетін 36 әскери кафедра жұмыс істейді.

 

«Жүргізілген талдау әскери кафедралар бойынша мамандар даярлаудың бірқатар мәселелері бар екенін көрсетіп берді. Жасыратыны жоқ, әскери кафедрасы бар университеттер талапкерлер арасында үлкен сұранысқа ие, өйткені олар армияда қызмет етуден босатылуға  заңды негіз береді. Мұны жоғары оқу орындарының басшылары жақсы біледі және қосымша пайда табу үшін әскери кафедра ашуға тырысады», - деп атап өтті Мұрат Бақтиярұлы.

 

Сенатор осыған байланысты еліміздің Премьер-Министрінен азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың құрамы мен құрылымын оңтайландыруда әскери доктринаны іске асыру туралы хабардар етуді, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделей отырып, жоғары оқу орындарында әскери даярлық жүйесін жетілдіру мүмкіндігіне талдау жасауды сұрады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста