Журналист мамандарын даярлаудағы жаңа ізденістер талқыға түсті

Журналист мамандарын даярлаудағы жаңа ізденістер талқыға түсті

Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті, жаңа заманауи трендтердің бәрін меңгерген журналистерді даярлаудың жолдары қайсы? Елдегі жоғарғы оқу орындары сапалы мамандарды даярлау процессінде неден ақсап жатыр? Оқыту жүйесіндегі олқылықтар қандай? Жетістіктері қайсы? Журналист мамандығын даярлайтын кез келген оқу орны қазір осындай сауалдарды ортақ талқыға тастап, жаңа бағдарламалар құру ісін, оқыту жүйесін жетілдіру мәселелерін қолға алды.
«Қоғамдық сананы қалыптастырудағы ізденістер: журналистикадағы жаңа трендтер» атты дөңгелек үстел тәжірбиелі практик журналистердің, оқытушылармен, студенттердің басын қосып, жоғарыдағы сауалдарға жауап іздеді.

 
  Халықаралық бизнес университеті (UIB), Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен өткен басқосу осы оқу орнының 25 жылдық мерейтойы аясында өткізілді. Университетте журналистика саласы бойынша мамандар даярлау ісін қолға алып, осы салада өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген А.Ержанова, журналистика мамандарын даярлауда оқу бағдарламаларының озық үлгілерін ұсынып жүрген тәжірбиелі ұстаз Л.Барысова жиында UIB-дегі журналист мамандар қалай дайындалады, оларға оқытылатын пәндер қандай деген негізгі мәселеге шолу жасады. Университет журналистерді халықаралық, саяси, экономикалық, іскерлік, бизнес, экстермальды, дипломатиялық, пиар, баспасөз хатшылығы, операторлық, режиссерлық, продюссерлік секілді сан салалы бағытта мамандандырады. Бұдан бөлек, студенттер сабақ барысында сұхбат алу, репортаж жасау, ақпарат жазу, монтаж жасау, видео түсіру, сайтқа мақала жазу, сценарий жазу, бір бірінің жұмысын талдау, таза сөйлеу, фото түсіріп үйрену секілді қосымша жұмыстарға машықтанады. Журналистерді даярлаудағы осындай үздік тәсілдерді ортаға салған ұстаздар дөңгелек үстелге жиналған тәжірбиелі, практик мамандардан пікір сұрады. Жұмыс беруші тарап ретінде жас мамандардан қандай біліктілік талап етіледі, өндіріске араласу алдында тұрған жас маманға қойылатын міндеттер қандай, бәсекеге қабілетті, көш басында болу үшін жас мамандарды университет мұғалімдері неге баулу керек? Практикаға, жұмысқа орналасу үшін баратын студенттерге қай мәселеде озық болу қажет? Осындай сауалдар ортаға тасталған соң практик журналистер өз ой-пікірлерін ортаға салды.
 Мәселен, 31 телеарнаның «Информбюро» Ақпараттар қызметінің жетекшісі Болат Мүрсәлім қазіргі жас мамандардың жазу машығының қалыптаспағанын, мәтін жазуда ақсайтынын, кітап оқымайтынын, кітап оқымаған журналистің ой қорыту, тақырып ашу мәселесінде бәсекеге қабілетсіз болатынын айтты. «Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстандағы қазақтілді аудиторияның үлес салмағы 70 пайыздан асты. Қазір телеарналар, сайттар, әлеуметтік желілердің барлығының рейтингісін осы қазақтілді көрермен анықтап отыр. Неге қазір «Ratel.kz», «Tengrinews», Zakon.kz» секілді сайттар өзінің қазақтілді қосымшасын аша бастады. Өйткені олар ақпараттық кеңістікті қазақтілді аудитория анықтайтынын түсінді. Осы ретте, университетте қазақтілді мамандарды көбірек даярлауға басымдық теру керек. Тіпті, орыс бөлімінің студенттеріде қазақ тілінде сөйлеп кетпесе де, соны оқып, түсіне алатын дәрежеге жетуі керек. Сіздер осы мәселеге мән беріп, осы бағытты қолға алсаңыздар »-деді. 
 

Ал, танымал режиссер Владимир Тюлькин журналистердің сұхбат ала алмайтынын айтты. «Өкінішке қарай, қазір телеарналар бәсекеге қабілетсіз. Көрермен әлі не көрерін білмей жүр. Бірлі-жарымды бағдарламалар бар шығар, бірақ тұтастай алғанда әлі өз мүмкіндігін дұрыс көрсете алған жоқ. Бірақ, бәрі бір орнында тұрмайды. Дамиды. Міне, сол кезде біз тәрбиелеп жатқан студенттер сол ортадан ойып тұрып орын алатындай болуы керек. Біз студенттерді соған дайындауымыз қажет. Қазір журналистер сұхбат жасай алмайды. Кейіпкерімен сырттай сөйлесіп алады да, камерасын қосып: «Ал енді, осы айтқаныңызды камераға айтып беріңізші» дейді. Сұхбат олай жасалмайды ғой. Мәселен, деректі фильмді алайық. Ол терең бір ғылым. Ондағы кейіпкермен сен ақпараттық сұхбат жасай алмайсың. Сен оны ойлануға, толғануға, эмоцияға берілуге дейін жеткізуің керек. Ол саған ашылып, шынайы әңгімесін айтуға тиіс. Міне, сол кезде ғана сенің кәсібилігің бағаланады. Өкінішке қарай, көп жағдайда журналистер осындай шеберлікке жетпей жатады. Студенттерді сұхбат алуға осы университеттен баулу қажет. Бұдан бөлек, мен бір жылдары германиялық әріптестермен ортақ фильмде жұмыс жасадым. Біздің телеарналарда журналистпен бірге режиссер жүреді. ( Мәселен, өзім жұмыс істеген «Хабарда» С.Т). Ал, германиялық әріптестерде режиссер мүлдем болмайды. Әр журналист өзі суретші, өзі режиссер. Яғни, өз еңбегінің авторы өзі. Мен болашақ журналистердің өз еңбегінің иесі өзі болуға шақырар едім. Режиссерлық көзқарасы болса ол өз қиялындағыдай мағыналы дүниені шығарады»-деп ойын ортаға салды.
Журналистика ардагері, ұстаз Әмір Молдабеков: «Студенттер шынымен, кітап оқымайтын болды. Тіпті диплом жазғанда кейбір кітаптардан түгелімен көшіріп әкеледі. Кейде тіпті өзінің кітабыңнан алынған үзінділерді көресің. «Ал енді мұның авторы кім?»-десең үндемейді.
Тағы бір мәселе, медицина мамандарын алайықшы. Көптеген үлкен ауруханалар мен кейбір медициналық мекемелерде тәжірбиелік сабақтар өткізетін кафедралар бар. Осы әдіс журналистикаға да керек сияқты. Елдің беделді ақпарат агенттіктері, телеарна, сайттары студенттер үшін осындай бір практикалық класстарын ашып қойса. Тіпті Парламентте де, Үкіметпен, Минстрліктерде осындай тәжірбиелік орындар болу керек. Жұмыс орындары білім ордаларынан алшақтамай, етене жұмыс істесе нәтиже болар еді»-деп түйіндеді өз сөзін. 

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының өкілі, белгілі журналист, заңгер Ғалия Әженова: «Журналистерді заңды білуге, азаматтардың құқығын білуге, тіпті өз құқығын қорғай алуға оқыту қажеттігін айтты. «Журналистерді құқықтық тұрғыда мамандандыру бүгінгі таңда ауадай қажет. Журналистер кез келген мәселеде өз құқығын қорғай білуі керек.Осы тұрғыда, оқу орындарының студенттерге ел заңдарын оқыта бастауы аса өзекті»-деді.
Танымал кинопродюссер Сәкен Белгібаев студенттерге халықаралық тәжірбиелер керектігін, мүмкіндік болса студенттердің әртүрлі сарапшылармен кездесуін ұйымдастыруға мұрындық бола алатынын, режиссерлық, продюссерлік қырларын шыңдауға жәрдемдесе алатынын айтты.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыға салған басқосуды «Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Арслан Ивашов қортындылады. Ол қазіргі таңда журналист мамандарды даярлауда теориядан гөрі практикаға көп басымдық беріліп жатқанын, шеберлік дәрістерін тек елімізге танымал медиа кеңістікте қызмет етіп жүрген танымал журналистер өткізіп жатқанын айтты. Алдағы уақытта да журналист мамандарын даярлаудың озық үлгілеріне, әлемдік практикаларға сүйенетінін тілге тиек етті.

Шолпан Рақымқызы

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста