Астанада колледждер үшін 3,5 мыңға жуық грант бөлінді

Астанада колледждер үшін 3,5 мыңға жуық грант бөлінді

Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен нәтижелі қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту бағдарламасы бойынша 1050 орынға арналған орта кәсіптік тегін білім алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 3 493 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Бұл – Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және бес әлеуметтік бастамасы мен «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру.

Колледждерге арнаулы орта білімі бар, жалпы орта білімі бар, техникалық және кәсіптік білімі бар Қазастан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар қабылданады, яғни 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері.

Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен нәтижелі қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту бағдарламасы бойынша 1050 орынға арналған орта кәсіптік тегін білім алуға мүмкіндік бар. Оған 9-11 сынып оқушылары, ЖОО-на түсе алмаған қыз-жігіттер, жұмыс іздеп жүргендер және тағы басқа азаматтар түсе алады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы қандай мамандықтарға берілетіні жайлы ақпаратты Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының сайтынан білуге болады.

Осы білім гранттарына құжаттарды қабылдау төмендегі уақыттарда жүреді:

1) Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, орта буын мамандарын даярлауды көздейтін күндізгі бөлімге 20 маусым мен 20 тамыз, кешкі және сырттай оқуға 20 маусым - 20 қыркүйек, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығы;

2) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша жалпы мамандықтар мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер 20 маусым мен 20 тамыз, кешкі оқыту бойынша 20 маусым мен 20 қыркүйек.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста