Ауылда оқыған 1000 оқушы еліміздің жетекші оқу орындарында білімін жетілдіретін болды

Ауылда оқыған 1000 оқушы еліміздің жетекші оқу орындарында білімін жетілдіретін болды

Ауылда оқыған 1000 оқушы еліміздің үздік мектептерінде білім алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Елбасы Академиясы» корпоративті қорына сілтеме жасап.

 

Қордың баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 21 тамызда ауыл мектептеріне арналған бірінші ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

 

Жарыс барысында олимпиаданың 5 мың қатысушысы –Қазақстанның өңірлеріндегі ауылдарда білім алған оқушылар функционалдық сауаттылық пен абстрактілі-логикалық ойлау дағдыларын сынай алды.

 

Олимпиада қатаң карантиндік нормаларды сақтай отырып, 19 Назарбаев Зияткерлік мектептері мен әр аудан орталықтарындағы 34 пункт негізінде ұйымдастырылды.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша, 5 және 6 сыныптарын бітірген 1000 жеңімпаз оқушы өз білімдерін «Білім-инновация лицейі», Республикалық физика-математика мектебі және «Дарын» сияқты дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде әрі қарай жалғастыра алады.

 

«Мың бала» - ауыл балаларын қолдау мен дамытуға арналған, ауыл балаларының қала оқушыларымен бірдей бәсекелесуіне жағдай жасауға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба. Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы Академиясы» корпоративті қорының «Ел Үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі бастамасы шеңбері аясында іске асырылуда.

 

Олимпиада 2020 жылдың 24 ақпанында басталды. Оған 295 мың оқушы қатысты. Екінші кезеңге 5 мың оқушы өтті. Бірінші кезең сырттай өтіп, математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері бойынша үлгерімді бағалады.

 

«Егер бірінші кезеңде үміткерлердің академиялық қабілеттері бағаланса, екінші кезеңде - танымдық қабілеттері сынға түсті. Біз қабылдау кезінде оқушылардың өмір сүруіне жағдай жасай алатын мектептерді таңдадық. Сонымен қатар, барлық 5 мың қатысушы «Елбасы Академиясы» жанындағы онлайн-мектепке ақысыз тіркеледі», - деп атап өтті «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының диагностика және даму жобаларының үйлестірушісі Жазира Асанова.

 

Оның сөзінше, олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен қатысушылар үшін қашықтықтан оқыту порталы қолжетімді болады. Сонымен қатар, оқушыларды үнемі онлайн-қолдау ұйымдастырылған, және оның ішінде пән мұғалімдерінің сабақтары мен кеңестері қарастырылған. Онлайн мектеп жұмысын осы күзде бастайды.

 

«Менің қызым «Родина» ауылының мектебінде оқиды. Олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен кезде біз өте қатты қуандық. Қызым өте қабілетті, ағылшын тілін жақсы біледі, математиканы жақсы көреді. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін және ол өз мақсатына жетеді деп ойлаймын», - деп Ақмола облысының тұрғыны Тимур Омаров журналистерге сұхбат берді.

 

Олимпиадада жеңімпаз атанған 1000 оқушысының тізімі www.fnn.kz сайтында екінші кезеңнен өткен соң, 14 күнде жарияланады. Дәл осы сайтта олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің біріне өтініш бере алады.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста