Балаларға таңертеңнен кешке дейін сабақ оқытудың қажеті жоқ – ғалым

Балаларға таңертеңнен кешке дейін сабақ оқытудың қажеті жоқ – ғалым

2017 жылдың 24 сәуірінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев еліміздегі мектептерде үй тапсырмасын ұйымдастыру мен орындауға қатысты бұйрыққа қол қойған. Бұл құжат оқушылардың үй тапсырмасын азайтуға мүмкіндік береді. Алайда аталған шешімге қатысты азаматтардың пікірі әртүрлі. Ал АҚШ-тың Аризона университетінен келген профессор Паси Салберг оқушыларға көп тапсырма берудің қажеті жоқ деген пікірді ұстанады. Осы орайда беделді ғалым ата-аналарға өз кеңесін де берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шетелдік ғалыммен жақында Астана қаласында өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» ІХ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында таныстық. Мұғалімдерге арналған конференция «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» тақырыбына арналды. Онда Паси Салберг қазақстандық ұстаздарға «Білім беру саласындағы реформалардың жаһандық қозғалысы және білім берудің болашағы» атты баяндамасын оқыды.

Шарадан кейін профессордан балаларға қанша жастан бастап ауқымды тапсырмалар беруге болатынын сұрап көрдік.

«Менің ойымша, балаға көп тапсырма берудің қажеті жоқ. Мен мектепте сабақты ойын түрінде өткізуді қолдаймын. Әсіресе, балаларды спорттық ойындарға бейімдеу қажет. Біз өз балаларымыздан көп нәрсені талап етеміз. Сондай-ақ, сол ойымызды қалай болса да тезірек жүзеге асыруды ойлаймыз. Бірақ ата-аналар қазірден бастап, балаларының болашағы үшін ненің маңызды екенін ойлануы шарт», - деді Паси Салберг.

Осы орайда Аризона университетінің профессоры ата-аналарға өз кеңесін де берді.

«Балаларға таңертеңнен кешке дейін сабақ оқытудың қажеті жоқ. Бұл – менің үлкендерге беретін кеңесім. Бала тәрбиесіне ерте жастан мән беріп, оларды еркін тәрбиелеуіміз керек. Кейін балалар өсе келе, өздері сапалы, әрі толық білім алуға тырысады», - деп түйіндеді шетелдік ғалым.

Айта кетейік, Паси Салбергтің «Фин сабақтары 2.0: Әлем Финляндияның білім беру саласындағы реформаларынан не үйрене алады?» атты еңбегі 2013 жылы Grawemeyer байқауында жоғары бағаланған. Сонымен қатар, ғалым 2012 жылы Финляндияның білім беру саласындағы жоғары наградаға ие болып, оқу саласының үздігі атанған.

Қазіргі таңда әлемде Финляндияның білім беру жүйесі ең озық болып саналады. Білім беру саласындағы "фин ғажайыбы" туралы 2000 жылдардан кейін белгілі бола бастады. Сол уақытта экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әр үш жыл сайын 15 жастағы оқушылар арасында халықаралық зерттеулер жүргізген. Білім беру саласындағы мониторинг 4 бағытта – кітап оқу, математика, жаратылыстану және компьютер сауаттылығы пәндері бойынша алынған. Осы зерттеулердің нәтижесінде Финляндия оқушылары үздіктердің қатарынан табылды.

Фин мұғалімдерінің пікірінше, білім берудің басты мақсаты - баланы сыни тұрғыдан ойлауға және өздігінен шешім қабылдауға үйрету, әрі баланы қабілетті тұлғаға айналдыру.

Дәурен ЕРБОЛАТ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста