Оқушыларға Zoom арқылы ұятсыз видео көрсетушілер көбейді

Оқушыларға Zoom арқылы ұятсыз видео көрсетушілер көбейді

Онлайн оқу оңбай тұр. Zoom платформасымен зейін ашамыз деген оқушылар әлі де әдепсіз жазбалар мен ұятсыз видеолардан көз ашар емес.


Мәселен, Ақтөбеде №17 мектеп гимназиясының 6-сынып оқушылары математика сабағын өтіп жатқанда Zoom платформасына кибер-шабуыл жасалып, қаскөйлер оң-солын танымайтын оқушыларға бейәдеп сөздер жазған, деп хабарлады КТК арнасы. Соның кесірінен мұғалім онлайн оқуды орта жолдан тоқтатуға мәжбүр болыпты. Алматыда да 5-сынып оқушылары Zoom-мен сабақ өтіп жатқанда боғауыз сөздер айтқан бөтен біреу кіріп кетіп, порнографиялық видео қосып жіберген.

 

Сабақ беретін зейнеткер мұғалім. Горбачева Ирина Федоровна. Zoom конференция өткізгенде ашық түрде қалдырған ғой. Үлкен кісі болған соң өзі білген жоқ, қалай жабу керектігін. Қаскөй бірнеше рет кірген. Бірінші Нұртас2 деп кірген. Оны өшірген соң, қайтадан Бекназар2 деп кірген, - дейді мектеп-гимназияның директоры Амангелді Оңғарбаев.
Ал еш жазығы жоқ мұғалім басшылық тарапынан ескерту алған. Десе де қалалық білім басқармасы сабақты мазаққа айналдырғандарды жазалауды сұрап, полицияға шағым түсірді.

 

Сабақта балағат сөздер айтқан адам оқушы емес екендігі анықталды. Білім басқармасы жұмыс жүргізді. Жалпы, ол – сырттың адамы. Қазір Ақтөбе облыстық білім басқармасы бұл мәселенің анық-қанығын анықтау үшін Полиция департаментіне материалдарды тапсырды, - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлнәз Марзағадиева.


Ақтөбеде болған сорақылық Алматыны да айналып өтпепті. Қаладағы мектептердің бірінде Zoom платформасымен сабақ өтіп жатқан 5-сынып оқушыларына да ұятсыз видео көрсетілген.

 

7 қыркүйек күні Zoom платформасымен сабақ өтіп жатқанда белгісіз біреулер қосылып кетіп, аузына келгенді айтып, ұятсыз видео көрсеткен. Мұғалім бірден онлайн сабақты тоқтатты. Ал мектеп директоры бірден осы жағдайға байланысты Алмалы аудандық полициясына шағым түсірді. Енді бұл мектеп онлайн сабақты басқа платформада өткізеді, - дейді Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Андрей Дупик.
Онлайн оқуға қосылып, желіде желіккендер көбейгелі ата-аналар да Zoom-мен оқуға қарсы шығуда. Сондықтан қалалық білім басқармасы Алматыдағы барлық мектептерді қауіпсіз онлайн плафтормаларға ауыстырмақ. Әзірге 7 түрлі білім беретін алаң таңдалып отыр. Әр мектеп соның өзіне ыңғайлысын қолданады. Ал оқушыларға бейәдеп қылық көрсеткен бұзақыларды полиция іздестіріп жатыр.

 

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста