Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивті есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивті есеп

Алдиярова Айнұр Тлеубергеновна,
Биология пәнінің мұғалімі.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы
«МЖДШО бар №17 жалпы білім беретін орта мектеп» МКМ

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивті есеп

Елбасы өз Жолдауында «ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейі мен айқындалады» деп атап өтті. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интелектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған әлі де солай болып келеді. Шығармашылық- адам санасының жасампаздығы және іс-әрекетінің биік белсенділігінін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлануына қатысты анықталады.
Қазіргі таңда оқушыларға білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін ұстаздар қауымына үйрету мақсатында ұйымдастырылған «өрлеу курсы» бойынша дәріс алып, оқушыларға білім беруде тәжірибемізде қолдану басты мақсатымыз болып табылады, бұл біз үшін үлкен сын.себебі, жас ұрпақты жан- жақты, қабілетті, бәсекеге сай, өз ойын жетік білдіре алатын, білімді, елімнің болашақ жастарына ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып білім беру.
Кез-келген мұғалім үнемі ізденісте болады. Соның арқасында ол әрқашанда өзінің құзіреттілігін көтеру үшін, сабақ өткізу барысында үнемі жаңа технологияларды үйреніп, ізденіп, қолданып отырады. Бұл курстың бірінші кезеңінде оқып, үйренген жаңа әдістерді өзімнің тәжірибемде қолдандым. Сабақ өткізбес бұрын орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар жасап сабағымды жүйелеп алдым.
«Мұғалімге арналған нұсұаулықтан» білім берудегі жаңа әдістердің теориялық негізін оқып, таныса отырып, жеті модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. Осы орайда мен биология пәнін алып жетінші сыныпта сабақ өткіздім. Бұл сабағымда мен сыни тұрғыдан ойлау әдістерін, талантты және дарынды оқушыларды оқытуды, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай білім беру мен оқытуды, білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульдерін қолдандым.
Сабақта құстар класын түсіне отырып сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, бір бірімен қарым қатынасқа түсу арқылы диалогқа түсе отырып, жаңа тақырыпты толығымен меңгертуді алдыма мақсат етіп қойдым.
Алдыма мақсат қоя отырып келесі міндеттерге көңіл бөлдім:
• Сөздік қор арқылы, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• Топта бірлесіп жұмыс істеуін дағдалынадыру. Өз елін, өз жерін сүйе білетін, тарих пен мәдениетті бағалайтын, патриоттық азамат болуға тәрбиелеу;
• Ұлттық сана, ұлттық намысты қалыптастыру;
Сабақтың барысында бағдарламада көрсетілген модульдерді кірістіруге тырыстым. Сабақта орындалатын тапсырмалар төмендегідей рет бойынша алдым:
1. «Топтастыру»
2. «Миға шабуыл»
3. Мазмұнды сызбамен жұмыс
4. «Дауылға қарсы тұру» сұрақ - жауап
5. «Соңғы сөзді мен айтайын...» екі жұлдыз бір тілек бағалауы
Бірінші өткізген сабағымның тақырыбы «Құстар класына жалпы шолу» болды. Сабақ басында оқушылармен амандасып олардың көңіл күйлері сұралды. Оларға жаңа тақырыпты айтпас бұрын алдыңғы өткен тарауды еске түсіріп, шолу жүргізіп өтіп кеттім. Өткен сабақты мазмұнын қаншалықты меңгергенін байқау мақсатында сыни тұрғыдан ойлауға жетелеуші сұрақтарды қоя отырып, сұрақтарға нақты әрі дәлелді жауап алдым. Осы сабақта көшбасшылықты сабақ үрдісіне қосудың амалын іздестіру керектігін, оқушы бойындағы ерекше қасиеттерді көре отырып, оларды ашу керектігін байқадым. Себебі, осы модуль алдында отырған оқушыларға өз білімі арқылы бағыт – бағдар беруге көмектеседі. Алға ұмтылу үшін жол көрсету керектігін сабақ барысында байқадым.
Олар өткен тақырып бойынша «жорғалаушылар» класының тарауын өткендерін айтып жатты, оқушыларды топ бойынша отырғызып, құстар жайлы бейнефильм көрсеттім. Бүгінгі сабақта не жайлы өтеміз деген сұрақ оқушыларға қойылды. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып, құстар жайлы деп жауап беред. Осындан оқушылардың жауаптары сыни тұрғыдан ойлау арқылы жауап бергенін байқауға болады. Оқушыларды шаттық шеңберге құрғызу мақсатта(№1 СУРЕТ) бір-біріне жақсы тілектер тілеу арқылы сабағымды бастадым.

Шаттық шеңберін құру. (№1 сурет)
Оқушыларға сәттілік тілей отырып, бүгінгі сабақ жақсы өтсін деп айттым. Сабаққа белсенді қатысуын тіледім. Оқушылардың айтылған тілектері сабаққа деген ынталарын оятты және көңіл-күйлері көтерілді. Оқушылардың тілектері жүйелі болағаны мені қатты таңғалдырды. Оқушылардың өз ойларын ашық және еркін жеткізе алады екен. Осы жерден оқушылардың алғырлығы басым болғанын байқадым. Нұсқаулықта жазылғандай Мерсердің (2005 ж ) сөзінде «құрдастар тобындағы өзара қарым қатынас оқуда маңызды роль атқарады» деген пікірін негізге алдым. Үйден дайындап келген құстар жайлы аққу, қарлығаш, бүркіт және көгершін суреттері таратылды. Қане оқушылар келіп әрқайсысың мына тұрған жасырын суретті алыңдар дегенде Шырын «апай бұл суретті не истейміз» деді, сол жерде мен жауап бермей тұрып Диана «бұл топқа бөліну ғой» деді,олар аққулар, қарлығаштар, бүркіттер, көгершіндер тобы екенін түсініп өзін- өзі реттеп төрт топқа бөлініп орналасты. (№2 сурет)

Топтарға бөлініп отыру (№2 сурет)
Күнделікті мектеп тәжірибесінде бұл түсінік оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз, қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының нақты кезеңде аса епті, білетін адамның көмегімен басшылығынсыз орындай алмайтын тапсырма арасындағы интервал деген қарапайым атауға ие бола алады. Осы мағынада ЖАДА (жақын арадағы даму аймағы) оқушылардың оқуын және қарым қатынасын қолдау үшін қажетті көмек деңгейін анықтауда білім мәнмәтінінінде құнды тұжырымдамалық тұжырымды қамтамасыз етеді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 28 бет)
Осы сәттен кейін мен қай топ аққу, қарлығаш, бүркіт, көгершін деп сұрау арқылы парталарға жабыстырмаларды жабыстырып шықтым. Миға шабуыл жасай отырып оқушыларды сыни ойлауға тарттым, мысалы: 1 топ құстардың қандай түрлерін білесің, 2 топ құстар қайда мекен етеді, 3 топ құстар немен қоректенеді, 4 топ құстар туралы мақал- мәтел, өлең шумағын құрастыр деп сұрақ қоя отырып жауап алдым. Бұл бірінші сабақ болғандықтан ба оқушылардың бойынан қорқыныш сездім, олар айтайын деген жауаптарын толық жеткізе алмағандай болды, бұл сәтті барлық топтардан байқадым, осы тапсырмаға үш минут берілсе де уақытты үнемдей алмады, уақыт біте салысымен жауап беруге асықпады. Бірінші топ құстадың түрлерін біліп тұрса да кітаптан қарап жатқанын байқадым, оларға берілген тапсырмаға жауап бере алатын денгейдегі оқушылар отырса да толық жауап бере алмады, екінші топ мүшесі Темірлан өте жақсы оқитын оқушы құстар қайда мекендейді деген сұраққа тианақты жауап берді, мен тағы топта топ мүшелерінің қосарлары бар ма? жоқ деп жауап берді, бұл жерде оқушылардың әлі де ашыла алмай отырғандарын байқадым , үшінші топ мүшесі Қайсар ойы ұшқыр оқушы құстардың қоректенуін мысал келтіре отырып айта кетті, оның сөзін Жайна қолдап толықтырды. Ал төртінші топтың жауабына өзім де таң қалдым, ол топқа берілген тапсырма құстар тақырыбына өлең шумағын шығар немесе мақал- мәтел делінген болатын, осы топта өлең шығаруға қабілеті бар Әбдірақым, Аружан деген оқушылар отырса да тапсырманы толық орындай алмай төрт шумақ қана өлең оқып берді. Осы берілген тапсырмаларды оқушыларды бағалау үшін бағдаршамды тараттым, яғни қызыл бағдаршам бес ұпай, сары бағдаршым төрт ұпай, жасыл бағдаршам үш ұпай екенін түсіндіре келіп бағалау критерилерін құрдық, мұнда әр тапсырма бойынша бағаладық бірінші миға шабуыл, екінші мазмұнды сызбаны қорғау, үшінші шығармашылығы,төртінші сұраққа жауап беруі, бұл топтық бағалау алдарыңа таратылған бағалау парағына да көңіл бөліңдер деп түсіндіре кеттім. Бұл бағалау парағында топтың бағалауы, топ мүшелерінің бағалауы, өзін – өзі бағалау деген бөлімдеріне баға қойып қорытынды бағаны шығаратынымызды да айта кеттім. Әр топ тапсырма соңында бағдаршамды көтеріп бірін бірі бағалады. Бағдаршаммен бағалай отырып олар неліктен осындай баға қойғандарын талдап айта кетті.
Сныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. мұғалімдер жазбаша немесе ауызша баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде обеъективті емес нормалар мен стандарттарға ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін- өзі бағалау, қабілеттілік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер 2001)
Екінші тапсырма бойынша төрт топқа тапсырма беріп алдарына мазмұнды сызба тараттым, оларға бұл мазмұнды сызбаны өз шығармашылығымен жасауға болатындығын айта кеттім. Берілген тапсырмалар 1 топ: құстар класына жалпы сипаттама, құстардың қаңқасы, 2 топ: құстардың ас қорыту және тыныс алу жүйесі, 3 топ: құстардың жүрегі және жүйке жүйесі, 4 топ құстардың анализаторлары және зәр шығару жүйесі.
Топпен жұмыс (№3 сурет)
Мазмұнды сызбаны орындауға он минут уақыт бердім, оқушылар тапсырманы орындай отырып (№3 СУРЕТ) бір бірімен қарым- қатынасқа, диалогқа түсе білді. Осы тапсырмалардың барлығын ақпараттық камуникативті технологияны пайдалана отырып белсенді тақтаға жазып қойдым. Осы сәтте оқушылардың топпен жұмыс істеуге әліде толық дағдыланбағаны байқалды, мысалы Темірлан деген оқушы өзінің білетінімен тобымен бөліспей, мазмұнды сызбаны өзі алып алып жеке жұмыс жасап отырғанын байқадым, ал Шерзад деген оқушы білімі төмен болғанымен топпен бірігіп оз ойларын айтып қатысқанын байқап таң қалдым, бірақ қорғау кезінде мен шықпаймын деп ол шықпай қойды. Осы жерде осындай оқушыларға ерекше көңіл бөліп денгейлік тапсырмалар дайындау керек екенін түсіндім, сол кезде осндай оқушылар ұялшақтығын жеңе алады, топпен еркін қарым- қатынасқа түсіп, еркін ойларын айта алады деп ойлаймын. Оқушылар бір сергіп алсын деп орындарынан тұрғызып «қызылөрік» биіне сергіту сәтін жүргіздім (№4 СУРЕТ) , бұл сәт оларға өте ұнады, көңілді көңіл күймен орындарына отырды, бірақ осы кезде оқушылардың ойлары шатасып, бөлініп кететінін байқадым. осындай сергіту сәтін орындаудан кейін біраз тақырыпты еске түсіруге байланысты сұрақтарды беріп, «миға шабуыл» жасау керек екенін түсіндім.
Сергіту сәті (№4 сурет) 
Уақыт аяқталғаннан кейін мазмұнды сызбаны қорғауға топтарды ортаға шақырдым, ең алғаш болып бірінші топ шықты, өздеріне берілген тапсырманы қолдарынан келгенше орындап, суреттер салып қорғады, топта көбіне сөлеген Ақниет болды қалған оқушылар бір-екі сөз қосып толық ойларын жеткізе алмады, бірақ топ мүшесі Ермұқан ешқашан тақтаға шықпайын оқушы болса да, бұл жерде аз сөйлесе де оның шыққаны сыныптастары үшін бір жаңалық болғандай болды . Екінші топ мүшелері мазмұнды сызбаны қорғауға топ мүшелерінің барлығы шықта, оладың жауаптары қызықты болып шықты, себебі топ басшысы Жайна сұрақ қойып отырды да, топ мүшелері жауап беріп тұрды (№5 СУРЕТ). Топта тәртібін бақылауды үнемі қажет ететін оқушы Абай тақтаға шығып жауап бергенде тәртібі де реттеліп өзін- өзі салмақты ұстағаны мені қуантты. Қалған екі топ та мазмұнды сызбаларына суреттер салып, керекті сөздерді жазып көрсеткен, жаңа тақырып болғандықтан тақырып қыйындық туғызды деп ойлаймын, себебі өздеріне берілген тапсырмаларды толық аша алмады. Қалған топтар да осылай жұмыстарын қорғап шықты, осы төрт топ оқушыларында да тіл байлығының жетіспейтіні байқалды.
Мазмұнды сызбаны қорғау (№5 сурет)
Соңынан мазмұнды сызбаны орындауын бағаладық. Әр бағалағанда оқушылардан неге жоғары, төмен баға қойғандарын сұрап отырдым. Бағалау кезінде бағалаудың қыйындық туғызғаны көрінді.
Келесі тапсырма әр топ бір біріне жаңа тақырыптан сұрақ қоя отырып өз түсіндірген тапсырмаларын қаншалықты келесі топ түсінгенін біле алды, әр топ екі сұрақтан дайындап бір біріне сұрақтарын қойып жауап алды. Бұл жерде «сұрақтарыңды нақты қоя біліңдер, қаншалықты сұрақ нақты болса жауаптарың да толық болады» деп түсіндірдім. Тапсырманың шарты алған сұраққа топпен бір-екі минутта келісіп жауап беру болды, бірақ уақыт үнемдеу қыйындық туғызды, бірақ сабақтың басындағы жауаптарына қарағанда осы жолы ойлары нақтыланғанын байқадым, осылай сабақ өте берсем болашақта оқушыларым ойларын жеткізе алатын, білімді, алған білімдерін кез келген жерде қолдана алатын балалар болатынына сенгендей болдым. Бұл жерде сұраққа жауап беруі, сұрақтың нақтылығы ескеріліп бағаланды. Бағалаған кезде де Альбина бүркіт тобының бағалағанына қанағаттанбайтынын, өздерінің сұраққа толық жауап бергендігін айтып ренішін білдірді, ал бүркіт тобының оқушысы Әбдірахым олар сұраққа анық жауап бере алмағандығын сол себепті төрт ұпайымен бағалағанын айтты. Осындай түсініспеушіліктер сабақ барысында көп кездесті.

Топтарды бағалау (№6 сурет)
Әр топ бір бірін бағалағанда егер 65-75 ұпай алса «5», 55-65 ұпай алса «4», 45-55 ұпай алса «3» деген бағамен бағаланады деп топтардың ұпайларын санап бағаладық (№6 СУРЕТ), оқушылар топтық алған бағалауларын топтың бағасы деге бағанға, топ мүшелері өзара келісіп топ мүшелерінің қойған бағасын, соңында өзін- өзі бағалап бағалау парағына қойып, үш бағандағы бағаны қосып, үш санына бөліп қорытынды баға шығады. Бұл жолы оқушылар бірін бірі бағалағанда бағаны шамадан тыс көтергені байқалды, себебі оқушылардың барлығы төрт, бес деген бағаға ие болды және бағалау жүйесімен әлі де көп жұмыс істеу керек екенін түсіндім. Соңында үй тапсырмасын бердім, үй тапсырмасына «құстардың атынан хат» деген қысқа эссе жазуға, ауызша оқып тақырыптан он сұрақ құрастыруға тапсырдым. Рефлексия ретінде «соңғы сөзді мен айтамын» деген сөзбен екі жұлдыз бір тілек жазғызып қабырғадағы жапсырмаға жабыстырды. Екі жұлдыз бір тілекте оқушылар сабақтың ұнағандығын, бағалау әділ болмағандығын, келесі жолы да осындай сабақтар өткізгілері келетінін жазған. Осы екі жұлдыз бір тілекті жазғызар алдында оқушыларға екі тілек, бір ұсыныс беру керек екенін, оларды толық ойларымен жазу керек екенін түсіндірдім.
Сабақ барысындағы тапсырмаларды беру кезінде оқушылардың жас ерекшелігі, әлеуметтік жағдайы, ойлау қабілеті есепке алынып, деңгейлік тапсырмалар беріліп те отырды. Берілген барлық тапсырмалар биология сабағы болғандықтан оқушыларды сыни тұрғыдан ойлатуға арналды. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын орынды қолдана отырып , оқушыларды сыни тұрғыда ойланта алдым деп ойлаймын. Мектепте тәжірибеден өту кезінде алдағы уақытта 7 модульді ықпалдастыра отырып, тізбектелген сабақ жоспарын, қысқа мерзімді жоспарын құруды үйрендім.
Осы сабағымда кездескен кедергілер: топтық жұмыс жасау барысында оқушылар әлі де болса жеке, өздігінен жұмыс жасап кетуі; уақытты үнемдемеуі; уақыттың тапшылығы; оқытудағы бағалау кезінде оқушылардың өздерін жоғары бағалауы; жүйесіз бағалауы.
Сабақты өткізгеннен кейін оқушыларымның рефлексиясын оқи отырып, түйген ойым: сұрақ қойған кезде нақтылап қою, әлі де болса уақытты тиімді пайдалануды ретке келтіру керек екендігі, оқушының назары тренингте емес, тақырыпта болуы үшін әрекет жасау, жаңашылдыққа бет бұруға жетелеу қажет екендігі, бағалау жүйесін жүйелеу керектігін түсіндім.
Қорыта келгенде айтарым, бүгінгі күннің талабына сай білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруде. Кешегі дәстүрл сабақтар бүгінде жаңа – әдіс – тәсілдермен толыққан сабақтармен ауыстырылса, тек тыңдаушы болған оқушы бүгінде зерттеуші, шығармашыл, ізденімпаз оқушы. кембридж әдіс – тәсілінің жеті модулін ұстана отырып, болашақта Қазақстанның ертеңі – жас ұрпақ екенін ескере отырып, білімді, өмірге бейімді, бәсекеге қабілетті, дарынд, белсенді ұрпақ оқытып, тәрбиелеп шығуға өзімнің кішкене болса да үлесімді қосамын деген ойдамын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста