ҰБТ-ның бесінші күні: 40-тан аса оқушы аудиториядан қуылды

ҰБТ-ның бесінші күні: 40-тан аса оқушы аудиториядан қуылды

Қазақстанда ҰБТ-ның бесінші күні өтті. Аралық қорытындыға сәйкес, 40-тан астам түлек аудиториядан қуылды, себебі олар ҰБТ өткізу ережелерін бұзған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Бүгін, 25 маусым Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 12 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қалада орналасқан 67 ҰБТ өткізу пунктінде өтті.

 

Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 9 568, орыс тілінде – 2 372.

 

91 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқан үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды.

 

Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.

 

Тестілеуге кіргізу барысында бір түлектің температурасы жоғары екені анықталып, осыған байланысты ол тестілеуге жіберілмеді. Тестіленуші ҰБТ-ны басқа күні сауыққан соң тапсыра алады.

 

Жалпы, Ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеу қалыпты режимде өтті.

Еске салсақ, еліміздің білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 160 талапкердің ереже бұзғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, биыл ҰБТ-ның алғашқы күні сынақ тапсырғандардың 30 пайыздан астамы шекті баллды жинай алмағаны туралы жазған едік. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста