Бақанас аурухуанасының жедел-жәрдем қызметкерлері арнайы курстан өтті

Бақанас аурухуанасының жедел-жәрдем қызметкерлері арнайы курстан өтті

Қайырымдылықтың жақсы-жаманы, үлкен-кішісі болмайды. Бұл жолы Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры тағы бір сауапты іс жасап, медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіруіне мүмкіндік жасады және кезекті медициналық мекеменің құрылғыларын жаңартып берді.

Маусым айының 4-і мен 11-і аралығында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылының Балқаш аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне арнайы курс өткізілді. «Фельдшердің және жедел жәрдемнің жұмысы» деп аталатын 108 сағаттық курсты Республикалық жоғары медициналық колледжінің маманы, тәжірибелі дәрігер жүргізді. Жедел жәрдем қызметкерлері мен фельдшерлердің біліктілігін арттыруға, білім деңгейін жоғарлатуға арналған курсқа аудандық аурухананың жас мамандары қатысты. Қатысушылар өздеріне қажетті құнды кеңестер алды.

Ауруханада біраз жылдан бері қызмет ететін аға фельдшер Зейнеш Абдрахманова өзінің осы курсқа қатысқанына қуанышты екенін айтты. «Біз үшін бұл таптырмас мүмкіндік болды, курста біраз мәліметке қанық болдық», дейді ол.

Бүгінде медицина саласындағы инновация күн санап дамып келе жатқаны баршаға аян. Түрлі жаңа технологиялар мен заманға сай құрылғылар шығарылып, қолданысқа енгізілуде, түрлі жаңа медициналық әдістер тәжірибеде іске асырылады. Сондықтан мамандардың әркез білімдерін шыңдап тұруы – заман талабы. Осы орайда ірі қалалардан шалғай орналасқан аудандағы мамандардың білімін уақытылы жетілдіріп отыруы маңызды. Алайда аудандардағы медициналық мекеме қызметкерлерінің мұндай курстарға қатысуға мүмкіндіктері де, уақыттары да бола бермейді. Міне, сондай мүмкіндікті Асқар Жакулин атындағы қор Бақанастағы аурухана қызметкерлеріне жасап отыр. Қор дәріс беретін білікті маманның ақысын төлеп, аудандағы аурухаға жіберді.

Сондай-ақ Гүлнар Сейдоллақызы бастаған Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының мүшелері аудан орталығы Бақанастағы аурухананы қажетті медициналық құрылғылармен қамтамасыз етті. Сондай-ақ ол шара барысында белгілі меценат Асқар Жакулин туралы естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде аурухана басшылығы ұжымның атынан Асқар Жакулин атындағы қордың директоры Гүлнар Сейдоллақызына қор тарапынан көрсетілген қайырымдылық үшін ризашылығын білдіріп, Бақанас аудандық ауруханасы директорының орынбасары Беріков Жарқын Кеңесханұлы Асқар Жакулин атындағы қорға алғыс хат табыс етті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста