Соңғы қоңырау болмайды, балабақшалар ашылмайды – Нұр-Сұлтанның санитар дәрігері

Соңғы қоңырау болмайды, балабақшалар ашылмайды – Нұр-Сұлтанның санитар дәрігері

Бұған дейін түлектер 3-4 маусымда мектеп жанында өтетін салтанатты шарада аттестат алатыны хабарланған еді

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы шығарып, елордада мектеп түлектерінің соңғы қоңырауын өткізуге, сондай-ақ балабақшаларды шектеусіз ашуға тыйым салды.

Мамыр айының басында білім және ғылым министрлігі мектеп түлектері 3-4 маусымда аттестат алатынын хабарлаған еді. Барлық өңірдегі білім ордаларының әкімшілігіне салтанатты шараны әр мектептің ауласында өткізу тапсырылды.

Бірақ елорданың бас санитар дәрігердің қаулысымен қалада соңғы қоңырау өткізуге тыйым салынып отыр.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімі мен білім басқармасының басшысы адамдардың қатысуына байланысты мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін балдар, кештер, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салу керек", - делінген Жанна Пірәлиеванің қаулысында.

22 мамырда қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бірінші маусымнан бастап балабақшалар шектеусіз жұмыс істейді деп хабарлаған еді. Жаңа қаулыға сәйкес, кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерінің қызметіне тыйым салынды. Яғни, әр топтағы баланың саны 15-тен аспауы тиіс.

Бұдан бөлек, қала билігі білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста