Жаңа форматта сабақ алуға бейімделдік

Жаңа форматта сабақ алуға бейімделдік

Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия
Бастауыш сыныптар Ата-аналарының атынан
1 «В» сынып оқушысы Нұрланұлы Батырханның апасы
Тұрбекова Ұлжан Қожамбердіқызы

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, соған байланысты төртінші тоқсанның сабағы қашықтан өтіп жатқандығы баршамызға аян. Коронавирус індетінің таралуына байланысты Білім беру саласының қашықтықтан оқыту форматына көшуі жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа болған жоқ. Ғасырға жуық тарихы бар Шоқан Уәлиханов атындағы №12 гимназиясының ұжымын басқарып отырған Бекжанова Жанат Садуқызы төтенше жағдай режиміне карантин енгізілгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қолдау көрсету мақсатында уақытша қашықтан оқытудың қол жетімділігін арттыратын тиімді шараларды қолданып, шешім қабылдады.
Сынып жетекшіміз, бастауыш сынып мұғалімі Боранбаева Гаухар Абдікарімқызы - балаларымыздың бастапқы тұлғалық қалыптасуына зор үлесін қосқан ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім. Жетекшіміз бүгінгі күні сыныбындағы оқушыларымен, ата-аналарымен бірігіп, қашықтан оқытудың сапалы жүйесін құру жолында әрбір ситуациялық мәселелерді жан-жақты қарастырып, белсенділік танытуда. Осыған байланысты, оқу процесінің ата-аналармен бірге үздіксіз жалғасуын қадағалай отырып алға қойған тапсырмаларды бірлесе орындап шығатындығымызға сенімдіміз.
Қашықтықтан оқытуға келетін болсақ, балапандарымыз сабақ оқуда еш қиналмай, өздерін-өзі ширатып, үйде ата-анасымен бірге ойнап-күліп оқытушының берген тапсырмасын қуана қабылдап отыр.
Гаухар Абдікарімқызы күнде сабақ жүргізбес бұрын балаларымыздың сабаққа қосылуын қарап, қашықта отырса да, әр шәкіртінің жан дүниесін жақсы түсініп, оқу күнінің әр күнінде үнемі ата-анамен байланыста.
Осындай қарым-қатынас орнағаннан бері мұғалімімен ынтымақтастық тауып, балаларымыз да өздерінің оқуы үшін жауапты екенін тереңірек сезінген сияқты. Бұл жерде мұғалімнің рөлі зор. Таңертеңнен бастап, баламен ақпараттық хабарлап оқыту әдісімен сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып, олармен кері байланыс орнатып түсіндіруінен мұғалім мен оқушы арасында тамаша тұтастық пайда болғанын көзбен көріп отырмыз. Егер балаларымыз қажетті нәрсені түсінбейтін болса, онда оқытушы кінәлі емес, түсінгенін түсіндіре алмаған өзіміздің кінәміз деп түсінсек артық болмас. Қашықтық форматының ұғымының ерекшелігі сол: ертеңгісін теледидар арқылы бейне сабақтың әрбір шығарылымын мұқият тыңдап аламыз да, қалғанын мұғаліммен әр ата-анаға қолжетімді ватсап желісі арқылы немесе күнделік kz арқылы хабарласып, пысықтап тапсырманы аламыз. Нәтижесінде оқушыларының үйде орындаған шығармашылықтарын көрген сынып жетекшісі ары қарай әр пәнді әр түрлі тәсілмен саралауға үйретіп отырғаны көңіл қуантады. Бүгінгі күні Бастауыш мектептің бастауыш сынып оқушыларын Қашықтан оқытуда осылай жаңа талаптарға сәйкес бейімдейтін болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Құрметті Ата-аналар! Уақытша жаңа форматта Үкімет қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды жасап отырғанда бір отбасында бірнеше оқушы, бір компьютер болса да, өзіміз үшін өгіз күшімізді аямай, біраз күш-қуатты төгуіміз керек деп ойлаймын! Қашықтан оқыту одан әрі жалғасқан күннің өзінде оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың үй жағдайында еш қиындығы жоқ. Керісінше, баламен бірге отырып, нені оқу керек екенін, оқығанда көңілге қалай тоқу керек екендігін тереңірек түсінеміз. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын бере аламыз ба соны ойлайық! Мектебіміздің білім сапасын арттыру үшін білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдерін мақсатқа бағыттап тиімді қолданайық!
Шоқан Уәлиханов атындағы №12 гимназия директорының міндетін атқарушы, оқыту процесінің бас-аяғын ұйымдастырып отырған Бекжанова Жанат Садуқызына, Бастауыш сыныптың оқу меңгерушісі, әр мұғалімге қолдау көрсетіп, әдістемелік ұсынымдар беріп отырған Сакенова Рахима Бөлекбайқызына, сынып жетекшіміз Боранбаева Гаухар Абдікарімқызына, ұстаздарымызға орасан зор атқарған істеріне, олардың жылдам әрі жүйелі түрде жұмыс жасағандары үшін алғысымыз шексіз!
Білім әлеміндегі шығармашылық ізденістеріңіз, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін дегім келеді. COVID-19 коронавирус індетінен тазарып, сағыныса табысатын қуанышты сәттеріміз көп болсын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста